Евгений Васильевич Иванов (12.3.1901 жыл, Ресей, Ростов облысы, Боковская ауданы) – әнші, Қазақстанның халық артисі (1938).

Ростов музыка студиясыны бітірген (1927). 1927–34 жылдары Әзірбайжан опера және балет театрында, одан кейін Киев, Горький және Санкт-Петербург опера театрларында қызмет етті. 1936 – 44 жылдары Қазақ опера және балет театрында әнші болды. Алматы музыкалық училищесінде педагогикалық қызметпен шұғылданды. Ол Кончактың (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”), Варлаамның (М.П. Мусоргскийдің “Борис Годуновында”), Мельниктің (А.С. Даргомыжскийдің “Русалкасында”), Рамфистің (Дж.Вердидің “Аидасында”), тағы басқа партияларын орындады. 1944 – 59 жылдары КСРО Үлкен театрында әнші болды. 1952 жылдан ғұмырының соңына дейін Мәскеу музыкалық педагогикалық институтында (қазіргі Ресей музыка академиясы; 1958 жылдан доцент) сабақ берді.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:12 наурызда туғандар Санат:1901 жылы туғандар Санат:Боковская ауданында туғандар Санат:16 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Востряков зиратында жерленгендер Санат:КСРО опера әншілері Санат:Қазақстан опера әншілері Санат:Ресей опера әншілері Санат:XX ғасыр опера әншілері Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:Ресей музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Әзірбайжан опера және балет театры тұлғалары Санат:Киев опера және балет театры тұлғалары Санат:Нижегород опера және балет театры тұлғалары Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұлғалары Санат:Үлкен театр опера труппасы Санат:Алматы музыка колледжі оқытушылары Санат:Ипполитова-Иванова атындағы музыкалы-педагогика институты оқытушылары Санат:Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы оқытушылары