Бибайша Ілиясқызы Нұрдәулетова (24 шілде 1964, Қызылорда облысы Арал ауданы Мергенсай а. туған) – филология ғылымдарының докторы (2008), профессор (2005). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1987, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Маңғыстау облысы Құрық кентіндегі орта мектепте мұғалім (1987–1994) Атырау педагогика университетінің (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) Ақтау бөлімшесінде (1994–2000) оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2000 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектер «Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 монография мен 4 оқу құралының, 6 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың авторы.
Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары