Квитка Валерий Васильевич (1939 жылы туған, Украина, Днепропетровск облысы Кривой Рог қаласы) – техникалық ғылымының докторы (1994), профессор (1996). 1963 жылы Криворожск тау-кен институтын бітірген. 1963–68 жылдары түсті металдар ғылыми-зерттеу институтында инжинер, аға инжинер, кіші, аға ғылыми қызметкер, 1968–92 жылдары бөлім және лаборатория меңгерушісі, 1992–96 жылдары институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1996 жылдан Шығыс Қазақстан техникалық университетінде профессор қызметін атқарады. Квитка 98 ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар