Рүстем Жанаев (2.5.1944 жыл, Қазалы ауданы Дихан ауылы - 2008) – ақын.
ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) филология факультетін бітірген (1967). Еңбек жолын мектепте мұғалім болудан бастады. 1980 – 1992 жылдары ауыл шаруашылық кәсіподағында [1992 жылдан аудан әкімінің орынбасары 1994 – 2004 жылдары Әйтеке би кентінде кәсіптік-техникалық мектептің директоры болды.
Шығармашылығы Алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 жылы жарық көрген. Жанаевтың «Бақыт босағасы» (1977), «Мезгіл мақамдары» (1982), «Бір өзіңе» (1999), «Сағынып кеттім мен сені» (2004), «Жанайқай» атты жыр жинақтары және проза кітаптары бар. Сонымен қатар «Жанқожа батыр» пьесасын жазған.
«Шапағат» медалінің иегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:2 мамырда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:2008 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Шапағат медалінің иегерлері