Үрпаш Жаниязқызы Шалболова (21 қараша 1960 жыл, Қазалы, Қызылорда облысы) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі (2008).Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Өмірбаяны 1983 жылы Саратов политехникалық институтын (РСФСР) бітірген. 1983–1984 жж. — Ленинск қаласындағы (қазіргі Байқоңыр) әскери құрылыс бөлімінің экономисі. 1984–1988 жж. — Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) оқытушы. 1988–1993 жж. — Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік құрылыс комитетінің Тұрғын үй және оқу ғимараттарын эксперименталды жобалау ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, кейіннен Экономика және құрылысты басқару ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1993–2000 жж. — Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, бас әдіскері, кафедра меңгерушісі. 2000–2002 жж. — Қызылорда мемлекеттік университеті Экономика факультетінің деканы. 2005–2014 жж.— Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры. 2015 жылдан бастап — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/ac457aa0-9190-4991-ba55-8ffac5dd2cff.pdf 2020 жылдан бастап — Astana IT University Креативті индустрия мектебінің профессоры (қосымша қызмет атқарушы).
Ғылыми қызметі Негізгі ғылыми еңбектері құрылыс экономикасына, инновациялық менеджментке және білім беру саласын басқаруға арналған.
340-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияның, 10-нан астам оқулық пен оқу құралының және 30-дан астам авторлық куәліктің авторы. Scopus деректер базасында 25, Web of Science базасында 6 мақаласы жарияланған. Scopus базасындағы Хирш индексі — 14. Ғылыми жетекшілігімен 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты және 7 PhD дайындалған. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 3 гранттық жобаның және 4 халықаралық жобаның ғылыми жетекшісі болған. 2000–2023 жылдар аралығында АҚШ, Израиль, Германия, Корея Республикасы, Қытай және Ресейде біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Марапаттары мен атақтары 2005, 2013 — «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2007 — ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі. 2008 — ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы Алтын медалі. 2010 — «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі. 2012 — ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Құрмет грамотасы. 2014 — Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль. 2018 — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрмет грамотасы. 2020 — Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасы. 2021 — ҚР БҒМ «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығының лауреаты.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 664-665 бб. ISBN 978-601-7059-54-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары