thumb| alt=A.|Балатон thumb| alt=A.|Балатон Балатон — Венгриядағы (Орта Дунай жазығында) көл. Бакон қыратының оңтүстік-шығыс етегін бойлай, тектоникалық ойыста орналасқан. Ауданы 596 км², ұзындығы 78 км, ені 12 км. Абс. биіктігі 105 м. Орташа тереңдігі 3 м, ең терең жері 11 м. Солтүстік жағалауы негізінен биік әрі құлама, кей жерде қатты тілімденген (Тихан түбегі), жағалауының өзге бөлігі жайпақ, кейбір тұстары батпақтанған. Судың температурасы жазда шамамен 20ӘС. Көлдің жағалауында жылы қайнар бұлақтар көптеп кездеседі. Балатон Венгрияның халықаралық маңызы бар курортты ауданы болып табылады. Балық шаруашылығы, су көлігі дамыған. Жаға бойымен автомобиль және темір жол тораптары өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Мажарстан көлдері