«Өзіңмен бірге ала алмайсың» () — режиссер Фрэнк Капра түсірген, басты рөлдерді Джин Артур, Лайонел Барримор, Джеймс Стюарт және Эдвард Арнольд сомдаған 1938 жылғы америкалық эксцентрикалық романтикалық комедия жанрындағы фильм. Туынды Джордж С. Кауфман мен Мосс Харттың Пулитцер сыйлығын алған аттас пьесасы (1936) желісімен Роберт Рискин тарапынан бейімделіп түсірілген. Фильм бай әрі тәкаппар отбасынан шыққан жігіттің көңілді, бірақ өзгешелеу отбасынан шыққан қызға ғашық болуы туралы баяндайды.

Бұл туынды көрермендер мен сыншылар тарапынан үлкен оң баға алып, коммерциялық тұрғыдан да зор табысқа жетті.

11-ші «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде фильм екі марапатқа ие болды: «Үздік фильм» және «Үздік режиссёр» номинациясы бойынша Фрэнк Капра марапатталды. Бұл — Капраның бес жыл ішінде «Бір түнде болған оқиға» (1934) және «Мистер Дидс қалаға келеді» (1936) фильмдерінен кейінгі «Үздік режиссер» номинациясы бойынша алған үшінші «Оскары» еді.

Сюжеті Нью-Йорктегі ең ірі бизнес-магнаттардың бірінің ұлы Тони карапайым хатшы қыз Алисаға ғашық болып, екеуі отау құруға бел буады. Алайда қалыңдықтың туыстары мен жақындарының ерекше қылықтары күйеу жігіттің ата-анасын «бұлардың есі дұрыс па?» деген күдікке қалдырады. Өйткені олардың үйі нағыз «қалалықтардың жындыханасына» айналған көңілді орта еді.

Алисаның анасы Пенни баспа машинкасы үйлеріне қателікпен әкеліп тасталған соң ғана пьесалар жаза бастаған. Ал ешқандай таланты жоқ әпкесі Эсси балетті армандап, түскі асты өзгенің есебінен ішуден ұялмайтын Потап Коленков есімді эксцентрик орыстан биден сабақ алады. Алисаның әкесі болса, достарымен бірге уақытын түрлі фейерверктер жасауға арнап, оларды тіпті үйдің ішінде атып жарыдырады.

Алайда бұл шаңырақтағы ең басты ерекшелік — ешқандай сенім-ұстанымдарына байланысты салық төлеуден бас тартатын атасы. Осы думанды әрі шулы топ атасының ауыз гармоникасы мен күйеу баласының ксилофонының сүйемелдеуімен үнемі ән салып, билеп, шат-шадыман күй кешеді. Бұл бейқам тірлік Тонидің әкесі — ықпалды кәсіпкер Энтони П. Кирбидің ауқымды бизнесіне де айтарлықтай кедергі келтіре бастайды.

Рөлдерде Джин Артур — Элис Сикамор Лайонел Барримор — Мартин Вандерхоф ата Джеймс Стюарт — Тони Кирби Эдвард Арнольд — Энтони П. Кирби Миша Ауэр — Потап Потапович Коленков Энн Миллер — Эсси Кармайкл Спринг Байинтон — Пенни Сикамор Сэмюэл С. Хиндс — Пол Сикамор Г. Б. Уорнер — Рэмси Даб Тейлор — Эд Кармайкл Доналд Мик — Поппинс Хэлливел Гоббс — Де Пинна Мэри Форбс — миссис Кирби Лилиан Ярбо — Риба Эдди Андерсон — Дональд Кларенс Уилсон — Блэкли Гарри Дэвенпорт — сот төрешісі

Титрларда көрсетілмегендер Роберт Грейг — лорд Мелвилл Маргарет Манн — көрші әйел Стэнли Эндрюс — Кирбидің айып тағу кезіндегі адвокаты Ирвинг Бейкон — Генри, аға даяшы Лестер Дорр — тілші

Дереккөздер

Санат:1938 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Фрэнк Капра фильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары Санат:АҚШ мелодрама фильмдері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Columbia Pictures фильмдері