«Баунтидегі бүлік» () — режиссер Фрэнк Ллойд түсірген америкалық тарихи шытырман оқиғалы драма фильмі. Туынды Чарльз Нордхофф пен Джеймс Норман Холлдың «Баунтидегі бүлік» және «Теңізге қарсы адамдар» романдары желісімен түсіріліп, 1789 жылы британиялық «Баунти» кемесінде болған шынайы көтеріліс оқиғаларын баяндайды.
Басты рөлдерде: Чарльз Лоутон (капитан Уильям Блай), Кларк Гейбл (Флетчер Кристиан) және Франшо Тоун (Роджер Биэм).
Тарихи дәлсіздіктеріне қарамастан, фильм көрермендер мен сыншылар арасында үлкен жетістікке жетіп, 1935 жылдың ең көп касса жинаған фильмі атанды. «Үздік фильм» номинациясы бастаған 8 «Оскар» сыйлығына ұсынылып, бас жүлдені иеленді.
Сюжеті Фильм 1787 жылы Англиядан Таити аралына бағыт алған британдық «Баунти» кемесіндегі оқиғаларды баяндайды. Сапар барысында кеме капитаны Уильям Блайдың аса қатаң, қатыгез және әділетсіз басқару стилі команда мүшелерінің наразылығын тудырады. Капитанның жүгенсіз әрекеттері теңізшілердің шыдамын тауысып, олардың арасында ашу-ыза мен өшпенділік қалыптастырады.
Таитиде ұзақ аялдап, жұмақтай табиғат пен жергілікті тұрғындардың еркін өміріне үйреніп қалған матростар қайтадан қатыгез тәртіпке бағынып кері қайтуға мәжбүр болады. Нәтижесінде, капитанның жауыздығынан мезі болған бірінші көмекші Флетчер Кристиан бастаған команда мүшелері 1789 жылы көтеріліс жасап, капитан мен оған адал қызмет еткен бірнеше адамды қайыққа отырғызып, ашық мұхитқа айдап жібереді.
Кемені басып алған көтерілісшілер өздеріне ұнайтын өмірді іздеп әр жаққа тарайды, ал капитан Блай өз командасымен мыңдаған миль жол жүріп, аман-есен Англияға оралудың жолын табады. Артынша Британ империясы көтерілісшілерді жазалау үшін арнайы әскери кеме жіберіп, бұрынғы достар бір-біріне қарсы тұруға мәжбүр болады.
Басты рөлдерде Чарльз Лоутон — капитан Уильям Блай Кларк Гейбл — Флетчер Кристиан, бірінші көмекші, көтеріліс жетекшісі Франшо Тоун — мичман Роджер Байам, Флетчердің досы (прототипі — Питер Хейвуд) Герберт Мандин — Смит, матрос, көтеріліске қатысушы (прототипі — Джон Адамс) Эдди Куиллан — Томас «Томми» Эллисон, матрос, көтеріліске қатысушы Дадли Диггес — мистер Бахус, кеме дәрігері Дональд Крисп — Томас Бёркитт, матрос, көтеріліске қатысушы Генри Стивенсон — сэр Джозеф Бэнкс, Байамның досы Френсис Листер — капитан Нельсон, әскери трибунал судьясы Спринг Байинтон — миссис Байам Мовита Кастанеда — Техани, Хитихитидің қызы Дэвид Торренс — лорд Александр Худ, әскери трибунал төрағасы Билл Бэмбридж — көсем Хитихити (прототипі — I Помаре) Рэй Корриган — теңізші (титрда көрсетілмеген) Гарри Кординг — сарбаз (титрда көрсетілмеген) Вивьен Окланд — Молл (титрда көрсілмеген)
Дереккөздер
Санат:1935 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Фрэнк Ллойд фильмдері Санат:АҚШ эпикалық фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:АҚШ тарихи фильмдері Санат:АҚШ ақ-қара түсті фильмдері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Metro-Goldwyn-Mayer фильмдері