Фолк немесе фолк-музыка ( — «халық музыкасы») — музыкалық жанрАргов А. В., Бабурин Л. К. Краткая история североамериканской и европейской фолк-музыки // Наука, образование, общество: тенденции и перспективы развития. Сборник материалов IX Международной научно-практической конференции. — Чебоксары: Интерактив плюс, 2018, ол дәстүрлі халық музыкасын және ХХ ғасырдағы халық музыкасының өрлеуі кезінде («фолк-ривайвл») солардан тараған заманауи фолк-музыканы біріктіреді.
Дәстүрлі халық музыкасы әр түрлі анықталады: ауызша таралатын музыка, авторы белгісіз шығармалар, ұлттық аспаптарда орындалатын әуендер, мәдени немесе ұлттық бірегейлікпен байланысты туындылар, ұрпақтан-ұрпаққа өзгере отырып жететін халықтық үдеріс, халық фольклорымен ұштасқан немесе ғасырлар бойы дәстүрлі ғұрып ретінде орындалып келе жатқан музыка. Ол коммерциялық және классикалық стильдерге қарама-қарсы қойылады. «Фолк» термині XIX ғасырда пайда болғанымен, бұл жанрдың тамыры одан да әріге кетеді.
Классикалық музыка композиторлары өз елінің ұлттық колоритін айшықтау үшін ноталық партитураларына халық әуендерін қосып, фолк-музыкадан шабыт алған. Бұл әсіресе көркем ән және опера жанрларында кеңінен тараған.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап дәстүрлі халық музыкасы негізінде танымал фолк-музыканың жаңа түрі қалыптасты. Бұл үдеріс пен кезең халық музыкасының қайта өрлеуі (екінші ривайвл) деп аталып, 1960 жылдары шарықтау шегіне жетті. Музыканың бұл түрін алғашқы фолк түрлерінен ажырату үшін кейде «заманауи фолк» () немесе «халықтық өрлеу музыкасы» () деп атайды. Әлемнің басқа елдерінде де әр уақытта осындай шағын жанданулар болып тұрды, бірақ «фолк-музыка» термині әдетте сол кезеңдерде пайда болған жаңа музыкаға қолданыла бермеді. Фолк-музыканың бұл түріне фолк-рок, фолк-метал және т.б. аралас жанрлар да кіреді. Заманауи фолк-музыка дәстүрлі халық музыкасынан бөлек жанр болғанымен, ағылшын тілінде ол дәстүрлі музыкамен бірдей аталып, көбінесе сол орындаушылар мен сахналарды бөліседі.
Дереккөздер
Санат:Фолк