Rock Hard (немесе RockHard) — Германияның Дортмунд қаласында шығарылатын рок- пен метал музыкасы туралы ай сайынғы музыкалық журнал. 1983 жылы негізі қаланған. Аттас журналдар бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Франция, Испания, Бразилия, Португалия, Италия және Грекиядағы еншілес кәсіпорындармен басып шығарылады. Metal Hammer журналының неміс басылымынан кейінгі Германиядағы ең танымал метал музыкасы туралы журнал болып табылады. Немістің Der Spiegel жаңалықтар журналы Rock Hard-ты Германиядағы хэви-метал жанкүйерлерінің деп атады;GITARREN zu Pflugscharen — Der Spiegel, February 1, 1994 басқалары журналды «культтік» деп атады.«Als würde der Papst aus der Kirche austreten» — Freiepresse.de
Тарихы Журналдың негізін 1983 жылы Хольгер Стратман () қалаған, 1989 жылдан бастап ай сайын шығарылады. 1990 жылдан 2014 жылға дейін бас редактор Гётц Кюнемунд () болды. 2014 жылы ол басқа да бірнеше редакторлармен бірге қаржылық себептерге байланысты және журналдың негізін қалаушымен пікір қайшылығына орай журналдан кетуге мәжбүр болды. Кюнемунд, тіпті немістің хэви-метал сахнасынан тыс жерлерде де кеңінен танымал, журналды металдың әртүрлі субжанрларына ашып, коммерциялық тұрғыдан тиімдірек жолмен жүрудің орнына, өзі «нағыз хэви-метал» деп атаған нәрсені сақтап қалуға тырысты. Кюнемундтың кетуі «поптың шіркеуден кетуімен» салыстырылды. Кейінірек Кюнемунд деп аталатын өз журналының негізін қалады. Жаңа бас редакторлар Борис Кайзер () мен Михаэль Ренсен () болды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап Борис жеке дара бас редактор болды, ал Михаэль қайтадан қарапайым редактор болды.Rock Hard, February 2016, Impressum, p. 130
Еншілес жобалары 1990 жылдан бастап журнал редакторлары сонымен қатар Rock Hard Festival фестивалін ұйымдастырады, алдымен тұрақсыз негізде, ал 2003 жылдан бастап — жыл сайын Гельзенкирхенде. Фестивальді Spiegel online жаңалықтар басылымы (Der Spiegel интернет-нұсқасы) және Rockpalast бағдарламасындағы WDR телеарнасы таратады.Und Schluss! Das Rock Hard Festival live — Spiegel online
Журналдың Putpat.tv бейнепорталында өзінің музыкалық арнасы бар.Weiterrocken im Netz: Was aus Musikvideos geworden ist — Süddeutsche Zeitung — sueddeutsche.de Сондай-ақ журнал, iTunes пен Google Play арқылы қолжетімді журналға қосымша ретінде, өзінің мобильді қосымшасын шығарды.iTunes — Rock Hard app Google Play — Rock Hard app Соңғы жылдары Германияның барлық музыкалық журналдары негізгі бизнесті баспа басылымына шоғырландыра отырып және онлайн-секторды қосымша сервистер көмегімен журналды ілгерілету үшін пайдалана отырып, осындай тактиканы ұстанады.
Әдебиет
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Журналдың ресми сайты Rock Hard Festival фестивалінің ресми сайты
Санат:Германияның музыкалық журналдары Санат:Ай сайынғы журналдар Санат:Метал-басылымдар