Индер ауданындағы орыс казак станицалары — бұл станицалар Индер жерінде XVIII ғасырда орыс казактары салған, жергілікті қазақтарды қорқытып-үркіту үшін тұрғызылған қамалдар мен бекіністер орны.

Жайық казактары Ресей өкіметіне ресми түрде бағынған кезде (XVIII ғ. 40-шы жылдарында) бұл өңірде орыстардың екі-ақ бекінісі болған, олар — Жайық қалашығы (1613 ж.іргесі қаланды, бүгінгі — Орал қаласы (1775 жылдан бастап осылай аталады) мен Гурьев қалашығы еді (1640 ж. іргесі қаланды, жергілікті қазақтар оны «Үйшік» деп атады).«Атырау». Энциклопедия. Алматы, «Атамұра», 2000 ж., 47-б.

Жергілікті қазақтың құнарлы жерлерін басып алғанымен қоймай, оның байлығын талан-таражға салуына қарсы қажырлы қарсылық әрекеттерінен қорғану мақсатында, Жайық казактары Орынбордың сол кездегі губернаторы Неплюевке ұсыныс түсіріп, Төменгі Жайық шебіне шағын қамалдар салудың қажеттігін жазады. Орынбор қамалынан 18 шақырымда орналасқан Қара өзек (Чернореченск) қамалынан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі 700 шақырым бойында төмендегідей әскери қамалдар тұрғызылды: Кулагин және Калмыков қамалдары және 19 форпост немесе аванпост (алдыңғы шептік қамал) — Сарайшық, Жаманқала, Бақсай, Топайлы, Зеленый Колок, Гребенщиков, Көл-Жайық (Кол-Яик), Харкин, Қызыл жар (Красный Яр), Котельный, Антонов, Тас жаңғақ (Каменные Орешки), Сахарный, Мергенов, Чуядаев, Қожақар, Бударин, Көш-Жайық (Кош-Яик) және ШағанВитевский В.Н. Том I. сс.26-277.проф.С.Д.Асфендиаров ред.1936 ж. «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» том 2, сс.34-35.

Станица XVIII ғасырдан бастап казактардың негізгі мекені, орналасқан жері ретінде танылды. Бертін келе, яғни казактардың аумақтары Ресейге бағынғаннан соң станица әкімшілік-аумақтық бірлікке айналады, оған казактардың бірнеше мекендері (хуторлар мен поселкелер (кенттер) біріктірілді. Оның басқа қалалардан келген тұрғындарынан басқасы, яғни негізгі тұрғындары станицалық қоғамды құрады, оның басты басқару құралы станицалық круг немесе жиын болды.«Советская Историческая Энциклопедия». В 16-ти томах. Том 13.М., «СЭ»,1971,ст.797 Индер өлкесінде бұлардың мынадай құрылымы болды: + Индер аумағындағы станицалар рет саны атауы бағынатын уезі оған бағынатын кенттер 1. Кулагин Гурьев 1.Горск — кенттік басқарма2.Гребенщик — кенттік басқарма3.Кулагин — кенттік басқарма4.Харькинск — кенттік басқарма 2. Орлов (Өрлік) Гурьев 1.Зеленовск — кенттік басқарма2.Орловский (Өрлік) — кенттік басқарма3.Тополинск (Топайлы) — кенттік басқарма

Казактар жиында станицалық басқарманың лауазымды тұлғаларын сайлап, өздеріне тиесілі жерді және міндеткерліктерді бөліске салды, қазыналық нан дүкендеріне, мектептерге және басқаларына басшылық жасады. Оның негізгі әкімшіліктік-полицейлік мекемесі — станицалық басқарманың жұмысын станица атаманы меңгерді. Әр станицада ұсақ қылмыстық және азаматтық істерге қазылық жасаған сот болды. Станицалық басқарма облыстық немесе әскерлік басқармаға бағынды.

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы Санат:Индер ауданы