Шерліғұл діни–тұрмыстық кешені — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына жататын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Кешенді 1990 жылы сәулетші А.О.Итенов бастаған «Қазқайтажаңғырту» мекемесі, 2004 жылы С.Е.Әжіғали бастаған Батыс Қазақстандық этноархеологиялық экспедициясы зерттеген.
Орналасқан жері Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 139 км қашықтықта Желтау тауында.
Кезеңі, авторы Шерліғұл діни-тұрмыстық кешені – XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың басына жатады. Кешен исламды уағыздаушылардың бірі, әулие және танымал емші ретінде ретінде танымал болған Шерліғұл Сәттіғұлұлының (1830-1920) есімімен аталады.
Сипаттамасы Ескерткіш тұрғын үй құрылыстарының қалдықтарынан және жерлеу құрлыстарынан тұрады. Кешен мешіттен, 2 мазардан, 10 қойтастан, 15 сағанатамнан, 50-ден астам құлпытастан, 50 қоршаудан және 200-ге жуық құлпытастан тұратын тұтас бір ансамбльді ескерткіштер тобын құрайды. Жақын жерде тұрғын үй-жайлардың, мал қораларының және басқа ғимараттардың қираған қалдықтары бар. Қорыммен бірге тұрғын үй кешені сол кездегі қазақтардың мәдениетін түсініп білу үшін маңызды тұтас тарихи ескерткіштердің көрнісін береді.
Тарихи деректер Қорым атауын алған кісінің Адай руындағы шежірелік дерегі мынадай: Шоғы-Жолай-Жолманбет-Жарылған-Қарабас Қангошек-Сәттіғұл-Шерліғұл, Әкесі Сәттіғүл бай болған, Бейіті - Тасастау Қайнарда. Сәттіғұлдың ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс», батасы қабыл жан екен. Батасын алуға ел алыстан ат арытып келетін болған. Шерліғұл он екі жасында Бұхараға кетіп, мұсылманша окиды, төрт-бес жылдан соң медіресе бітіріп, колындағы «Шатыр хатпен» (кәзіргіше - диплом) ауылға мұғалім болып оралады, кейін Иран арқылы әуелі Түркияға өтіп, онда көп тұрақтамай Арабияға кетеді. Сонда оқуын жалғастырып, елге есейген шағында яғни, 21-22 жас шамасында оралады. Содан Актөбе мен Атырау облысының кәзіргі шекарасы — Желтаудың шығыс жағынан, бір құламадан мешіт салдырған. Ол сол жердегі мешіттердің ең алғашқысы саналған.
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы сәулеті Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері