Үфі наменгерлігі (, , ор. ескі емлесі. Уфимское намѣстничество) — 1781 жылдың 23 желтоқсанынан 1796 жылдың 12 желтоқсанына дейін Ресей империясының Үфі мен Сімбір генерал-губернаторлығы құрамында болған тарихи әкімшілік-аумақтық бірлік. Губернияның әкімшілік орталығы — Үфі қаласы.

Тарихы 1781 жылы 23 желтоқсанда (1782 жылы 3 қаңтарда) ІІ Екатерина императрицаның жарлығымен Орынбор губерниясы Үфі наменгерлігі болып қайта құрылды. Наменгерлік 1782 жылы ресми түрде ашылдыПолное собрание законов Российской империи. Том 21. Ст 15307.

1782–1796 жылдары наменгерлік Орынбор және Үфі облыстарына бөлінді.

1796 жылы император І Павелдің тұсында Үфі наменгерлігі қайта ұйымдастырылып, Орынбор губерниясы болып қайта құрылды. Үфі қаласы уездік қала мәртебесіне ие болды.

Географиясы 1782–1796 жылдары наменгерліктің құрамындағы Үфі облысы сегіз уезге бөлінді: Белебей, Бөрі, Бұқарыслан, Мензелинск, Стерлітармақ, Троицк, Үфі және Челябі уездері. 1784 жылы Троицк бекінісіне іргелес орналасқан елді мекендерден, сондай-ақ Челябі және басқа да уездердің құрамындағы жерлерден Троицк уезі құрылды.

1782–1796 жылдары Орынбор облысы төрт уезге бөлінді: Бұзаулық, Верхнеуральск, Орынбор және Сергиевск уездері. 1784 жылы Сергиевск уезі таратылғаннан кейін облыс үш уезден тұрды.

Қазіргі уақытта бұрынғы наменгерлік аумағы Башқұртстан, Орынбор және Челябі облыстарының құрамына кіреді.

Наменгерлігіктің жетекшілігі Генерал-губернаторлары

Наменгерлері 1782—1783 — Квашнин-Самарин Петр Федорович 1785—1794 — Пеутлинг Александр Александрович 1795—1796 — кінәз Баратаев Иван Михайлович

Тағы қараңыз Үфі мен Сімбір генерал-губернаторлығы Үфі губерниясы

Дереккөздер

Санат:Ресей империясының наменгерліктері Санат:Үфі наменгерлігі