Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институты 300px|center|link= Ашылған жылы 2020 Директоры Сапанов Сайпулла Жұмабайұлы Орналасқан жері , Атырау Мекенжайы Студенттер даңғылы, 1 Сайт Түрі Ғылыми-зерттеу институты

«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты — Каспий өңірінің тарихын, археологиясын және этнологиясын зерттеу үшін құрылған ғылыми-зерттеу институты.

Негізгі ғылыми бағыттары Каспий өңірінің тарихын, архелогиясын және этнологиясын зерттеу; халықаралық және республикалық ғылыми–практикалық конференциялар мен дөңгелек үстел ұйымдастыру; Атырау өлкесі тарихына байланысты ғылыми монографиялар мен оқу құралдарын жариялау; Мемлекеттік гранттар мен басқа да қаржылық көздер арқылы қаржыландырылып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру; Каспий аймағының жетекші ЖОО мен ҒЗИ – мен халықаралық ғылыми қатынастарды дамыту.

Құрылымы «Батыс өңірі жазушыларының шығармашылығын зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы Халелтану ғылыми-зерттеу орталығы

Мақсаты Каспий өңірінің тарихын, археологиясын және этнологиясын зерттеу. Атырау облысының мәдени мұрасын, батырлардың, ақындардың, жыраулардың, ұлт-азаттық күрес көшбасшыларының, сондай-ақ мемлекеттік және саяси қайраткерлердің есімдерін тарихи аренаға қайтару. Атырау облысы аумағында тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерделеу, іргелі және қолданбалы сипаттағы археология мен этнография бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау және тарату, сондай-ақ оларға Қазақстан халқын тарту.

Міндеті және қызметі Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Тиісті сала бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; Ғылымдағы заманауи әдістер мен технологияларды енгізу; Инновациялық жобаларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.нобай|оңға|300px| Ғылыми кадрлар даярлау. Магистранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік көрсету; Жас ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасау; Ғылыми семинарлар, мектептер, курстар өткізу. Ғылыми инфрақұрылымды дамыту. Зертханаларды, архивтік қорларды, дерек базаларын толықтыру; Ғылыми құрал-жабдықтардың жаңартылуын қамтамасыз ету; Сандық технологияларды ғылым процесіне интеграциялау. Ғылыми нәтижелерді жариялау және тарату. Монографиялар, ғылыми жинақтар, мақалалар, аналитикалық есептер шығару; Халықаралық және республикалық конференциялар ұйымдастыру; Ғылыми нәтижелерді білім беру жүйесіне енгізу. Халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты күшейту. Шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен жобалар жүргізу; Ғалымдардың академиялық ұтқырлығын дамыту; Инновациялық консорциумдар мен ғылыми желілерге қатысу. Сараптамалық-талдау қызметі Саладағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми сараптамалар дайындау; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-аналитикалық ұсыныстар әзірлеу; Қоғамдық пікірді зерттеу және әлеуметтік мониторинг жүргізу. Ғылыми нәтижелерді практикаға енгізу. Ғылыми жаңалықтарды білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік сала сияқты бағыттарға трансфер жасау; Авторлық оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, практикалық нұсқаулықтар әзірлеу; Инновациялық өнімдер мен технологияларды коммерцияландыруға ықпал ету.

ҒЗИ-дың жариялаған негізгі материалдар жинақтары Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Көпэтносты қоғамды дамытудың қазақстандық тәжірибесі» республикалық ғылыми - практикалық конференциясының материалдар жинағы. - «ASU Press» баспасы, Атырау, 2025 ж. - 387 б. Тарихшы, өлкетанушы, ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымұлы Нагимовтың мерейлі 80 жасына арналған «Профессор Ш.Нагимов еңбектеріндегі тарих, мәдениет, білім мәселелері және өңірлік зерттеулер» республикалық ғылыми - практикалық конференциясының материалдар жинағы. - «ASU Press» баспасы, Атырау, 2025 ж. - 264 б. «Қазақстанның Батыс аймағы саяси тарихының өзекті мәселелері (ХІХ-ХХ ғғ.)» халықаралық ғылыми семинар жұмысының материалдар жинағы. «ASU Press» баспасы, Атырау. 2025 ж. - 251 б. Атырау университетінің 85 жылдығына арналған «Шапағат» очерктер, мақалалар,эсселер жинақ кітабы, Қ.Ө.Жүсіп. 424 бет. 2025 ж. Innovative potential of Сhinese Science. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті № 1(97)/2025. DOI 10.37238/2960-1371.2960-138X.2025.97(1).28. Б.333-343. Iranian-Tajik trade and economic relations: Current state and prospects. Published in the Republic of Kazаkhstan Asian Journal “Steppe Panorama” Has been issued as a journal since 2014. ISSN 2710-3994. Vol. 12. Іs. 3, рр. 872-886, 2025. Кеңестік реформалардың зардабы. Архивтік құжаттар мен материалдар.Ж.Ж.Таңатарова, Г.Қайырғалиева, Р.К.Тастемирова, М.Каналиева, Н.Жеңіс // Атырау: «ASUPres» баспасы, 2025. – 176 б. Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институты 1940-1941 жж. Архивтік құжаттар мен материалдар / Гурьевский государственный учительский институт 1940-1941 гг. Архивные документы и материалы. Құраст.: А.Ахмет. – Алматы: «Арыс», 2025. – 360 б. Атырау әйелдерінің тылдағы жанқиярлық ерлігі «Социалистік құрылыс» газеті беттерінде (1941-1945 жж.). – Атырау: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» баспасы, 2025. - 178 б. Соғыс зардабын кешкендер: тарих пен тағылым. Ешқашан ұмытылмайды... / Атырау: «Атырау – Ақпарат», 2025. – 460 б. (303-373 бб.). Ел мұрасы елге оралды Өңір тарихы бойынша шетел архивтерінен анықталған құжаттар жинағы Көкшетау: «Көкше-Полиграфия, 2025. – 252 б. (3-5 бб.).

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы