«Уоллес пен Громит: Ең жабайы кек» — Уоллес пен Громит туралы екінші толықметражды мультфильм.
Aardman Animations британиялық студиясының «Бұрыс шалбар» атты қысқаметражды мультфильмінің жалғасы болып келеді.
Мұнда өнертапқыш Уоллес бау-бақшаға қарайтын гном түріндегі роботты ойлап табады. Оған Норбот деген есім береді. Алайда бұрын Уоллестің көмегімен түрмеге отырғызылған пингвин Физерс Макгро бұл роботтың бағдарламасын зұлым нұсқаға ауыстыра алады. Жасанды интеллектісі бар Норбот өзіне ұқсас тағы ондаған роботты жасап шығарады. Олар Уоллестің ақылды иті Громитті лашықтың ішіне жабады. Алайда Громит бұл тұзақтан шығып, роботтардың не бүлдірейін деп жатқанын анықтауға тырысады.
Мультфильм Оскар сыйлығы номинациясына ілікті және екі BAFTA сыйлығын жеңіп алды.
Дыбыстағандар Бен Уайтхэд — Уоллес (бұрынғы орындаушы Питер Саллис 2017 жылы қайтыс болды) Питер Кэй — аға инспектор Альберт Макинтош (бірінші толықметражды мультфильмде ол констебль болды) Лорен Патель — Макинтоштың қасында істейтін констебль Мукерджи Рис Ширсмит — гном түріндегі робот Норбот Диана Морган — репортер Онья Дорстеп (Громит және Физерс — сөйлемейтін кейіпкерлер)
Дереккөздер
Сілтемелер Rotten Tomatoes сайтында
Санат:2024 жылғы мультфильмдер Санат:Ник Парк мультфильмдері Санат:Ұлыбритания мультфильмдері Санат:Ермексаз мультфильмдер Санат:Aardman Animations мультфильмдері