НӨЛДІК ДЫБЫС – абсолют нөлге жақын температурада кванттық сұйықтарда (ферми-сұйықтарында, мыс., 3He сұйығында) таралатын ерекше текті тербеліс. Н. д. ферми-сұйығындағы элементар қозулардың (квазибөлшектердің) таралу функциясының тепе-теңдік мәннен ауытқуымен байланысты. Н. д-тың жылдамдығы (со) әдеттегі дыбыс жылдамдығынан (с) артық (со>с). Н. д-тың болатындығы жөніндегі тұжырымды ферми сұйығының жалпы теориясына сүйене отырып, Л.Д. Ландау жасаған (1957). Ал 3He сұйығында Н. д-тың болатындығын америк. физиктер В.Абель, А.Андерсон, Дж.Уитли тәжірибе жүзінде дәлелдеп берді (1966). Белгілі бір шарттарда, электрондары зарядталған ферми сұйығын түзетін металдарда да Н. д. пайда бола алады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Нөлдік дыбыс · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.