нобай|270x270 нүкте Михаил Михайлович Беляев (1925 — 2007) — кескіндемеші, график-суретші, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (2002).Каталог. Семей қаласының суретшілері XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6

Каталог. Художники города Семей. XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6

Өмірбаяны Михаил Беляев 1925 жылы Ресейдің Башқұртстан аймағындағы Алашев ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1950–1955 жылдары Одесса көркемсурет училищесінде білім алған. 1957 жылдан бастап Семей қаласындағы Көркем қордың көркемсурет-өнеркәсіп шеберханасында жұмыс істеді.

Шығармашылығы Тақырыптық картиналар, пейзаждар мен портреттердің авторы.

1957 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге белсене қатысқан. Олардың ішінде:

Ұлы Қазан социалистік революциясының 40 жылдығына арналған бүкілодақтық және республикалық көркемсурет көрмелері (Мәскеу, Алматы, 1957). 1991–2005 жылдар аралығында Семей қаласында бірқатар дербес көрмелері өтті.

Марапаттары мен мүшелігі

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (2002).

Суретші туындылары

Дереккөздер

Каталог. Семей қаласының суретшілері XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6 Каталог. Художники города Семей. XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6