«Ақиарды қорғағаны үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1942 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалды. Медалдің бекітілген суретінің авторы — суретші Н. И. Москалев.

Медал жайлы ереже «Ақиарды қорғағаны үшін» медалімен Ақиарды қорғауға қатысушылар — Қызыл Әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ қорғауға тікелей қатысқан азаматтық тұрғындар марапатталды. Ақиарды қорғау 250 күнге, 1941 жылдың 30 қазанынан 1942 жылдың 4 шілдесіне дейін созылды. Медалмен Ақиарды қорғау кезінде және қала берілгеннен кейін тұтқынға түскендер, соның ішінде эвакуациялана алмағандар (көбінесе, қатардағы жауынгерлер құрамы, оның ішінде емханадағы жаралылар) марапатталмады.

«Ленинградты қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Ақиарды қорғағаны үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медалдері бесбұрышты тағанда тағу үшін тағайындалған алғашқы кеңестік марапаттар болды. Бастапқыда, оларды кеуденің оң жағына тағу белгіленді. 1943 жылғы 19 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «КСРО ордендері мен медалдерінің үлгілері мен таспаларының сипаттамаларын және ордендер, медалдер, ордендік таспалар мен ерекшелік белгілерін тағу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығымен бұған дейін басқа пішіндегі тағандарда тағылған басқа да марапаттар үшін бесбұрышты таған енгізілді, ал қалаларды қорғағаны үшін медалдерді басқа марапаттармен бір қатарда кеуденің сол жағына тағу белгіленді. «Ақиарды қорғағаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдері болған жағдайда «Одессаны қорғағаны үшін» медалінен кейін орналасады.

1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Ақиарды қорғағаны үшін» медалімен шамамен 52 540 адам марапатталған.

Ұйымдардың да медалмен марапатталғаны белгілі. Мысалы, 1960 жылғы 17 қарашада Ақиар қалалық атқару комитетінің шешімімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының атынан «Ақиарды қорғағаны үшін» медалі «Крымская правда» газетіне табысталды.

Сипаттамасы thumb|left|150px|Таспаның 1-нұсқасы «Ақиарды қорғағаны үшін» медалін тағайындау кезінде оны тот баспайтын болаттан жасау көзделген, алайда, 1943 жылғы 27 наурыздағы қаулымен оның материалы жезге өзгертілді. Медал диаметрі 32 мм болатын дұрыс шеңбер пішініне ие.

Медалдің алдыңғы жағында диаметрі 22 мм болатын шығыңқы шеңбердің ішінде солға қаратылған Қызыл Әскер жауынгері мен қызыл флотшының кеудеден жоғары бейнелері орналасқан. Шығыңқы шеңбердің астынан екі зеңбірек ұңғысы мен зәкірдің ұштары шығып тұрады. Медалдің жиегі мен орталық шығыңқы шеңбер арасында түзілген белдеудің жоғарғы бөлігіндегі қалқанда бесбұрышты жұлдызша орналасқан. Белдеу бойымен «АҚИАРДЫ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу орналасқан. Медалдің артқы жағында «БІЗДІҢ КЕҢЕСТІК ОТАНЫМЫЗ ҮШІН» () деген жазу бар, оның үстінде орақ пен балғаның бейнесі орналасқан.

Медалдегі барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы етіп жасалған.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Бастапқыда, таспа көк түсті, ортасында ені 6 мм бойлық күміс түсті жолақ және шеттерінде ені 2 мм-ден екі қызыл жолақ болды. 1943 жылғы 19 маусымдағы Жарлықпен жаңа таспа белгіленді — ортасында ені 2 мм бойлық көк жолағы бар зәйтүн түсті таспа болды.

Суреттеме

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары