Ақан Нұрманов (29 сәуір 1933 – 19 маусым 1968) — қазақ-кеңес жазушысы.

Еңбек жолы 1951 — 1952 жж. Қазақ тау-кен институтына оқыды. 1957 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1957 — 1964жж. Қостанай облысы, Аманкелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде қызмет істеген. 1964 — 1968 жж. «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Шығармашылығы «Құланның ажалы» «Солай болған екен» «Ор» «Аққу шоғыры» «Күн ертеңге ауып барады» «Ымырт»

Дереккөздер