Жарықтан жылдам саяхат — вакуумдағы жарық жылдамдығынан заттың немесе ақпараттың тез таралуы. Арнайы салыстырмалы теорияға сәйкес тек тыныштық күйіндегі массасы нөлге тең (мысалы, фотондар) бөлшектер ғана жарық жылдамдығымен тең дәрежеде саяхаттай алады, ал одан басқалардың барлығында ондай мүмкіндік жоқ делінеді.
Жарық жылдамдығынан асатын бөлшектер (тахиондар) болуы гипотеза күйінде мүмкін бірақ салдарлық принципіне қарсы шығады және уақыт арасында саяхат мүмкіндігінің барына жол ашады. Заманауи ғылыми консенсуске сай ондай мүмкін емес делінеді. Қазіргі бар теориялар мен жүргізілген тәжірибелерге сәйкес зат жергілікті кеңістік-уақыт аумағын әскере отырып жарық жылдамдығынын баяу қозғалады. Жарықтан жылдам саяхаттың спекулятивті концептері қатарына Алькубиер қозғалтқышы, Красников түтігі, басып өтуге мүмкін "құрт іні" мен кванттық туннельдену кіреді. Аталған ұсыныстар ішінде жалпы релятивизмнің принциптерін айналып өту жолдарын ұсынады. Мысалы, кеңістіктің тартылуы ол арқылы өтіп бара жатқан нысандарға жарық жылдамдығынан тезірек қозғалу мүмкіндігін береді деген секілді.
Дереккөздер
Санат:Жылдамдық Санат:Салыстырмалылық теориясы