«Одиссея» — Андрей Кончаловский түсірген 2-сериялы телефильм, Ежелгі грек мифологиясына негізделген Одиссея эпосының экрандалуы.
Телефильмді American Zoetrope компаниясы NBC арнасы үшін түсірді. Түсірілімдер Мальта, Түркия мен Англияда өтті.
Кончаловский бұл жұмысы үшін Эмми прайм-тайм сыйлығын жеңіп алған. Сонымен қатар бұл мини-сериал және басты рөлді ойнаған Ассанте Алтын глобусқа номинацияланған болатын.
Рөлдерде Арманд Ассанте — Итака патшасы Одиссей Грета Скакки — оның әйелі Пенелопа Изабелла Росселлини — даналық құдайы Афина Ванесса Уильямс — нимфа Калипсо Джеральдин Чаплин — Одиссейді бағып өсірген Эвриклея Эрик Робертс — Пенелопаға құда түсіп жүрген Эвримах Ирен Папас — Одиссейдің анасы Антиклея Бернадетт Питерс — сиқыршы Цирцея Кристофер Ли — Фивы көріпкелі Тиресий Йерун Краббе — феакийліктердің патшасы Алкиной Николас Клей — Спарта патшасы Менелай Винченцо Николи — Пенелопаға құда түсіп жүрген Антиной Алан Стенсон — Одиссей мен Пенелопаның баласы Телемах Тони Вогел — шошқа баққан Эвмей Майкл Дж. Поллард — желдердің құдайы Эол Ричард Труэт — Ахилл Йорго Вояджис — Микендер патшасы Агамемнон Рон Кук — хабаршы Эврибат.
Дереккөздер
Сілтемелер Кончаловскийдің сайтындағы парақшасы
Санат:1997 жылғы телефильмдері Санат:Андрей Кончаловски фильмдері Санат:American Zoetrope фильмдері Санат:Одиссей