«Асау Спирит» — 2002 жылы шыққан америкалық толықметражды мультфильм. Дәстүрлі және компьютерлік анимация әдістерімен түсірілген.
Мұнда Америкалық үндістер соғыстары заманында мемлекеттік кавалерияның қолына түскен Спирит есімді мустангтың азаттық жолындағы басынан кешкен оқиғалары жайында баяндалады.
Мультфильм Оскар сыйлығына, ал ондағы әндердің бірі Алтын глобусқа номиинацияланған болатын. Сонымен бірге Annie Awards және тағы басқа бірнеше сыйлықты жеңіп алған.
2021 жылы Асау Спирит: Мойынсұнбаған деген жалғасы шыққан.
Дыбыстағандар Мэтт Деймон — Спирит Джеймс Кромвелл — полковник Дэниел Студи — үндіс Литл Крик Чоппер Бернет — сержант Адамс Джеф ЛеБо — ұста Мёрфи / теміржолшы Ричард МакГонагл — Билл Мэтт Левин — Джо Роберт Кайт — Джейк Чарльз Нэпьер — Рой Адам Пол — Пит
Дереккөздер
Сілтемелер Rotten Tomatoes сайтында
Санат:2002 жылғы мультфильмдер Санат:Келли Эсбери мультфильмдері Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:Жылқылар туралы мультфильмдер Санат:Үндістер туралы мультфильмдер Санат:DreamWorks Pictures толық метражды мультфильмдері