Виктор Эмброс (; 1 желтоқсан 1953, Ханновер, Нью-Гэмпшир) — американдық ғалым. Оның жұмысы негізінен молекулалық биология мен генетикаға бағытталған. Көптеген беделді марапаттардың иегері.
Өмірбаян 1953 жылы 1 желтоқсанда Нью-Гэмпшир штатында Ханноверде, Вильнюс орта мектебін бітіргеннен кейін бірнеше жыл нацистік Германияда мәжбүрлі жұмысшы болып жұмыс істеген, поляк текті жиһаз жасаушы Лонгин Богдан Эмбростың (1923—2014) және жазушы Мелисса Эмбростың (қыз кезіндегі аты Браун, 1917—2014) отбасында дүниеге келген. 1975 жылы бакалавр дәрежесін, ал 1979 жылы Массачусетс технологиялық институтында PhD дәрежесін алды. 1984 жылдан 1992 жылға дейін Гарвард университетінде және 1992 жылдан 2007 жылға дейін Дартмут колледжінде жұмыс істеді. Ол микроРНҚ зерттеушісі ретінде танымалдылыққа ие болды. Зерттеулерінің көп бөлігін Гари Равканмен бірге жүргізді.
Америка Құрама Штаттарының Ұлттық ғылым академиясының (2007) және Америка өнер және ғылым академиясының (2011) мүшесі.
2024 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын Равканмен бірге жеңіп алдыНобель по медицине дали американцам Эмбросу и Равкану за исследование РНК . Коммерсант. 7 октября 2024 года..
Марапаттар 2002 — Ньюкомб Кливленд сыйлығы 2004 — Розенстиль сыйлығы 2006 — Америка генетика қоғамының медалі 2008 — Халықаралық Гайрднер сыйлығы 2008 — Бенджамин Франклин медалі 2008 — Негізгі медициналық зерттеулер үшін Альберт Ласкер сыйлығы 2008 — Уоррен үшжылдық сыйлығы 2009 — Диксон сыйлығы 2009 — Луиза Гросс Хорвиц сыйлығы 2009 — Масри сыйлығы 2012 — Биомедициналық зерттеулер үшін Пол Янссен сыйлығы 2013 — Кэйо сыйлығы 2014 — Медицина саласындағы Вульф сыйлығы 2014 — Генетика бойынша Грубер сыйлығы 2015 — Медицина саласындағы серпінді сыйлық 2016 — Даму биологиясы бойынша Марш Димс сыйлығы 2024 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы
Дереккөздер
Сілтемелер Горовиц Э. Мутантсыз мұны түсіну мүмкін емес Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Медицина бойынша Вольф сыйлығының иегерлері Санат:Халықаралық Гайрднер сыйлығының иегерлері Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:АҚШ генетиктері Санат:Философия докторлары Санат:Массачусетс технологиялық институты түлектері Санат:Массачусетс технологиялық институты оқытушылары