Жамиля Хашимова (; 9 қыркүйек 1982, Мәскеу), сахналық аты Jiva — әзербайжан әншісі. Әзербайжан атынан Eurovision ән байқауы 2026 қатысушы ретінде Вена қаласында өнер көрсетеді.
Мансабы Жамиля Хашимова 1982 жылғы 9 қыркүйекте дүниеге келген. 2003 жылы Баку күзі байқауына екінші орын иеленді. 2007 жылы Show Time телевизиялық жобасына қатысты. 2011 жылы Eurovision ән байқауы 2012 қатысып, апталық рейтингтің үздік үштігіне енді.
Жамиля Хашимова 2010 жылдардан бастап Рашад Хашимов жетекшілік ететін «RAST» тобымен жұмыс істей бастады. Топта бэк-вокалист ретінде өнер көрсетті. Топ құрамында әртүрлі джаз фестивальдеріне, соның ішінде Монре джаз фестиваліне де қатысты. Поп және R&B стиліндегі композициялар орындайтын «Hazz Band» тобының солисті болды. 2017 жылы жеке сольдық мансабын бастады. 2018 жылдың шілдесінде Жара фестиваліне қатысты. Осы кезеңде продюсер Fidan Aliva және «Excellent» тобымен ынтымақтастықта болды.
Жамиля Хашимова 2025 жылы The Voice жобасының Әзербайжандағы лицензиялық нұсқасы — «Дауыс» бағдарламасына қатысты. Ройа Айхан командасында өнер көрсетіп, жобаның жеңімпазы атанды. Тағыда «Azərbaycan! Mən səni sevirəm» жобасына қатысты. Оның JIVA лақап аты есімі мен фамилиясының бірігуінен пайда болған және үнді философиясындағы «Джива» түсінігіне сілтеме жасайды. 2026 жылғы 6 наурызда Әзербайжан атынан Eurovision ән байқауы 2026 қатысушы ретінде таңдалды. «Just Go» әнімен екінші жартылай финалда өнер көрсетеді.
Дереккөздер
Санат:Мәскеуде туғандар Санат:XXI ғасыр әншілері Санат:Eurovision ән байқауы 2026 қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Әзербайжан өкілдері