Барон Джеймс Гюстав Жюль Ален де Ротшильд (7 қаңтар 1910 – 17 қазан 1982) — француз банкирі және филантропы.
Жастық шағы Ален де Ротшильд 1910 жылы 7 қаңтарда Францияның Париж қаласында дүниеге келген. Әкесі — банкир, барон Роберт де Ротшильд. Анасы — Габриэль Нелли Режин Беер. Ол Ротшильдтер әулетінің мүшесі болды.
Ален де Ротшильд Еркін саяси ғылымдар мектебінде білім алып, оны 1931 жылы тәмамдады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол тұтқындар лагеріне жіберілді.
Мансабы Ол еңбек жолын 1946 жылы Ротшильдтер әулетінің de Rothschild Frères (кейіннен Banque Rothschild деп аталған) инвестициялық банкінде бастады. Ол банктің 25% үлесіне иелік етті.
Ален де Ротшильд Ротшильдтер әулетінің меншігіндегі Солтүстік инвестициялық қоғамының, Мұнай инвесторлары қоғамының, Солтүстік компаниясының және Францияның Дисконт банкінің төрағасы болды.
Ол Бордо шарабын шығаратын Пойяк қаласындағы Château Lafite Rothschild шарап зауытының тең иесі болған.
Филантропия және қоғамдық қызметі Ол 1954 жылдан 1982 жылға дейін Париж консерваториясының, ал 1967 жылдан 1982 жылға дейін Франция консисториясының президенті болды. 1976-1982 жылдар аралығында Франциядағы еврей институттарының өкілдік кеңесінің (CRIF) төрағасы қызметін атқарды. 1973 жылы Ротшильд қорының президенті атанды. Оның жеке қоры — Ален де Ротшильд институты 1995 жылы жабылды.
1980 жылы Париждегі синагогада болған жарылыстан кейін ол француз саясаткерлерін болған оқиғаға немқұрайлы қарады деп айыптап, француз полициясының «түсініксіз дәрменсіздігіне» күмән келтірді. CRIF арқылы ол президент Жискар д'Эстенмен синагогалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция күшін арттыру туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ 1981 жылғы Франциядағы президенттік сайлаудың нәтижесіне ықпал ету тактикасын әзірледі.
Өлімінен сәл бұрын ол Париждегі Гольденберг мейрамханасына жасалған шабуылға қарсы наразылығын білдірді.
Жеке өмірі Ол 1938 жылы 26 қаңтарда Мэри Шовен дю Трейге үйленді. Олардың үш баласы болды: Беатрис Джульетта Рут де Ротшильд (1939 ж.т.) — Арман Англивьель де ла Бомельге (1962 жылы тұрмысқа шығып, сол жылы ажырасқан) және Пьер Розенбергке (1981 жылы тұрмысқа шыққан) тұрмысқа шықты.Christian Makarian, Jean Pierrard, François Dufay, Le grand état-major du musée , Le Point, March 28, 1998 Эрик де Ротшильд (1940 ж.т.) — Мария-Беатриче Караччоло Ди Фориноға үйленген (1983 ж.). Роберт де Ротшильд (1947 ж.т.) — Дебра Элиза Коэнге үйленген (1999 жылы үйленіп, 2001 жылы жесір қалды). 2006 жылы оның қызы Беатрис әкесінің сирек кездесетін кітаптар коллекциясының бір бөлігін Sotheby's аукцион үйі арқылы сатты.
Өлімі 1981 жылы президент Франсуа Миттеран сайланғаннан кейін, Ротшильд Нью-Йоркке көшіп кетті. Бір жылдан соң, 1982 жылы 17 қазанда Аппер-Ист-Сайдтағы Ленокс-Хилл ауруханасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі Парижде өтіп, сол жерде жерленді.
Марапаттары Құрмет легионы орденінің офицері Әскери крест ордені
Мұрасы Оның құрметіне аталған Ротшильд қоры – Ален де Ротшильд институты () баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсетуді, сондай-ақ еврейлерге қатысты қайырымдылық жобаларды қаржыландырады.Fondation Rothschild - Institut Alain de Rothschild
Дереккөздер
Санат:Франция банкирлері Санат:Париж кәсіпкерлері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстағы француз әскери тұтқындары Санат:XX ғасыр филантроптары