Қадиша Рүстембекқызы Нұрғали — филология ғылымының докторы (1998), профессор (1998).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1961 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1983, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), ҚазМУ-дың аспирантурасын (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Талдықорған педагогикалық институтында оқытушы (1983-85, қазіргі Жетісу мемлекеттік университеті), ҚазМУ-да стажер (1985-87), қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушы, доцент, профессор (1990-2000) қызметтерін атқарған. 2000 жылдан Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – әдебиет теориясы, орыс әдебиетінің тарихы, салыстырмалы әдебиеттану. "Ә. Әлімжанов прозасындағы тұлға және тарих концепциясы" тақырыбында докторлық диссептация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монография, 3 оқу құралының авторы.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері(2003); Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2006); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2006, 2015).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Қазақстан Республикасы "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2016); "За вялikiуклад у лiтературу" төсбелгісі (Беларусь, 2016); "Пушин и Мицкевич" польшалық орыс тілі мамандарының ассоциясының "За пропаганду русского языка в мире" төсбелгісі (Польша, 2017).Кафедра меңгерушісі.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары