‘’‘Трюгве Ли’’’ () — норвег саясаткері және дипломаты, Біріккен Ұлттар Ұйымының тұңғыш Бас хатшысы (1946–1952)

Өмірбаяны Трюгве Ли әкесіз өскен. 1919 жылы Осло университетінің заң факультетін тәмамдағаннан кейін саясат жолын таңдады. 1911 жылы Норвегия жұмысшы партиясына қосылып, оның белсенді мүшелерінің біріне айналды.

1921 жылы партия делегациясының хатшысы ретінде Мәскеуге барып, Владимир Ленинмен кездескен, сондай-ақ Лев Троцкиймен танысқан. 1935 жылы Троцкийге Норвегиядан саяси баспана беруге уәде еткен, алайда халықаралық қысым нәтижесінде ол интернирленіп, кейін Мексикаға жіберілген.

1940 жылы нацистік басқыншылық кезінде Норвегияның жабдықтау министрі ретінде 25 мың теңізшіні елге қайтармау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде жалпы сыйымдылығы 3,5 млн тонна болатын флот Германияның бақылауына түспей, одақтастарға пайдалануға берілді. Бұл шешім оның беделін арттырып, Лондонда жұмыс істеген Норвегия үкіметінде сыртқы істер министрі қызметіне жол ашты (1946 жылға дейін).

БҰҰ-дағы қызметі Соғыстан кейін Сан-Франциско конференциясында Норвегия делегациясын басқарды, онда БҰҰ құрылды. Бас хатшыны таңдау кезінде АҚШ пен Ұлыбритания канадалық Лестер Пирсонды, ал КСРО югослав Станое Симичті қолдады. Нәтижесінде компромисс ретінде Трюгве Ли ұсынылып, Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея оны Бас хатшы етіп сайлады.

Негізгі оқиғалар

БҰҰ-ның институционалдық қалыптасуы Қырғи қабақ соғыстың басталуы Корея соғысы

Дереккөздер

Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары