Гүлшарат Салауатқызы Минажева — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор, Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының академигі (2012).Гүлшарат Минажева Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды

Өмірбаяны, еңбек жолы 1961 жылы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, қазіргі Тау ауылында туған.

ҚазПИ-дің (1983, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) жаратылыстану-география факультетін, Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (2002) бітірген. 1984-92 жылдары Қазақ ұлттық университетінде инженер, ғылыми, кіші ғылыми қызметкер, 1993-96 жылдары осы университеттің Біліктілікті арттыру институтында аға оқытушы, доцент, 1997-99 жылдары университетте оқу, 1999-2008 жылдары тест және мониторинг бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан осы университеттің Стратегиялық талдау және сараптау орталығында сапа менеджменті бөлімінің бастығы, химия факультетінде доцент, профессор.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Қазақстан жоғары оқу орындарындағы сапа менеджменті жүйесі: теориясы, практикасы және дамудың концептуалды бағыттары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 80-нен астам ғылыми еңбектің, монография, оқулық, оқу құралдарының авторы, 2 авторлық куәліктің иегері.

Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары