Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті — халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен өткізілетін Паралимпиада ойындарын қоса алғанда, халықаралық жарыстарға қазақстандық спортшылардың қатысуын мәлімдеу құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл болып табылады.
Ұлттық паралимпиадалық комитет – Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалыстың дамуын қамтамасыз етуді мақсат ететін коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым.
Тарихы Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті 2002 жылы құрылды. ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитеті коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым бола тұра, төмендегідей халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады: Халықаралық паралимпиада комитеті Азиялық паралимпиада комитеті Халықаралық пара волейбол ұйымы Ампутанттар мен арбадағы мүгедектердің халықаралық федерациясы Халықаралық зағиптар спорт федерациясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті - қазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде жоғарыда аталған халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен өткізілетін Паралимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитетінің негізгі міндеттері: Паралимпиадалық қозғалыс қағидаларын насихаттау, паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктер мен бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ықпалын тигізу; Халықаралық Паралимпиада Комитетінде, Паралимпиадалық ойындарда және басқа халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету; Паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізу; Мүгедектігі бар спортшылардың Паралимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына жәрдемдесу. Жетекшілігі Президент — Боранбаев Қайрат Советайұлы Вице-Президент — Сүлейменов Диас Төлеутайұлы Вице-Президент — Имашев Берік Мәжитұлы Вице-Президент — Сапаров Бақыт Аманжолұлы Бас хатшы — Сүлейменов Ерлан Мұратұлы Спорт түрлері садақ ату бочча ат спорты пара дзюдо пара оқпен ату пара үстел теннисі пара атлетика пара каноэ футбол 5х5 пара пауэрлифтинг отырып ойнау волейболы пара таэквондо голбол пара жүзу пара биатлон пара шаңғы жарысы арбадағы керлинг слэдж хоккей
Тағы қараңыз Қазақстан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында
Дереккөздер
Санат:Ұлттық паралимпиадалық комитеттер Санат:Қазақстан спорт ұйымдары