Дэвид Джеффри Уайнленд (Вайнланд) (; 24 ақпан 1944) — американдық физик, «жеке кванттық жүйелерді өлшеуге және басқаруға мүмкіндік беретін кванттық жүйелерді манипуляциялауға арналған серпінді технологияларды жасағаны үшін» деген сөздермен 2012 жылы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (Серж Арошпен бірлесіп). АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1992).

Өмірбаяны Дэвид Уайнленд 1944 жылы 24 ақпанда Висконсин штатының Милуоки қаласында дүниеге келген. Ол 1961 жылы Сакраментодағы Энсин орта мектебін бітірген.Class of 1961 Graduation List . encinahighschool.com 1965 жылы Берклидегі Калифорния университетінде бакалавр дәрежесін, ал 1970 жылы Гарвард университетінде — PhD дәрежесін алды. Оның диссертациясы атомдық дейтерий мазерлері туралы болды. Содан кейін Уайнленд Вашингтон университетіндегі Ханс Демельттің тобында жұмыс істеді. 1975 жылы Уайнленд Боулдердегі Ұлттық стандарттар бюросына, қазіргі NIST институтына орналасты. Оның зерттеулері оптикаға, атап айтқанда, төрт полюсті иондық тұзақтардағы иондарды лазерлік салқындатуға және кейіннен тұзаққа түскен иондарды кванттық есептеулерді орындау үшін пайдалануға бағытталған.

Уайнленд Америка физикалық қоғамының және Америка оптикалық қоғамының мүшесі.

Марапаттар мен құрметтер 1990 — Дэвиссон-Джермер сыйлығы 1990 — Меггерс сыйлығы 1996 — Лазерлік физика бойынша Эйнштейн сыйлығы 1998 — Раби сыйлығы 2000 — Халықаралық кванттық байланыс сыйлығы 2001 — Лазерлік физика бойынша Артур Шавлов сыйлығы 2004 — Фредерик Айвс медалі 2007 — Ұлттық ғылым медалі 2008 — Герберт Вальтер сыйлығы 2010 — Бенджамин Франклин медалі 2012 — Физика бойынша Нобель сыйлығы ( Серж Харошпен бірге) 2013 — Wolfgang-Paul-Vorlesung 2018 — Micius Quantum Prize 2020 — IRI Medal

Дереккөздер

Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:Физиктер Санат:АҚШ физиктері