Алтынай Мейірбайқызы Теңбаева — филология ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1975 жылы 2 қазанда Алматы қаласында туған.
Алматы мемлекеттік университетінің (1997, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология факультетін және әлемдік әдебиет кафедрасының аспирантурасын (2000) бітірген. Педагогикалық қызметін Қазақ қыздар педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы ретінде бастаған, 2005 жылдан сол кафедраның аға ғылыми қызметкері қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік халықаралық байланыстар және әлем тілдері университетінің лингвистикалық теория және қатынас кафедрасында доцент.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Монтаж – өлең мәтіні композициясының принципі ретінде" ("Монтаж как принцип композиции стихотворного текста") тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгіт ғылыми бағыты – әдебиет теориясы. Еңбектері өлеңмен жазылған мәтіннің теориясын зерттеуге арналған. "Өлең мәтінінің крмпозициясы: әдіснамасы, монтаж, генезис (на материале литературы Казахстана 1980-2000-х годов" (2010) атты монографиясы жарық көрген. Мұнда бұрындары қазақ өлеңтануында онша сөз бола қоймаған мәтіннің композициялық құрылымы, оның өзіндік ерекшеліктері, жетілу, даму жолдары біршама зерттелген. Зерттеу мақалаларында өлеңтанудың, мәтінтанудың теориялық мәселелері қарастырылған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері