Бұхара хандығының ханы, сондай-ақ Бұхара ханы () ретінде белгілі — 1500 жылдан 1785 жылға дейін Бұхара хандығындағы жоғарғы мемлекеттік лауазым.
Бұхара хандығында хан лауазымын өзбектің Шайбанилер, Аштарханидтер және Маңғыт әулеттерінен шыққан билеушілер иеленген.
Шайбанилер әулеті (1500–1601)
Өзбектің Шайбанилер әулетінің негізін қалаушы Шайбани хан (1500–1510) Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекетін жаулап алып, Шайбанилер мемлекетін құрды.
Оның жиені Ұбайдулла хан (1533–1540) 1533 жылы мемлекет астанасын Самарқаннан Бұхараға көшірді. Осы уақыттан бастап Шайбанилер мемлекеті Бұхара хандығы деп атала бастады. Бұл әулеттің ең соңғы ханы II Пірмұхаммед хан (1598–1601) болды.
Аштархан әулеті (Жәнилер) (1601–1753/85)
Аштархан әулетінен шыққан алғашқы хан Жәни Мұхаммед (1601–1603), ал соңғысы — Әбілпейіз хан (1711–1747) болды. 1753 жылы Аштарханилер тақты өзбектің Маңғыт руының көсемі әрі Маңғыттар әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахымға беріп, іс жүзінде биліктен айырылды, дегенмен 1785 жылға дейін номиналды түрде Бұхара хандары болып саналды.
Маңғыт әулеті (1753/85–1920)
1747 жылы Әбілпейіз хан өлтірілгеннен кейін, іс жүзіндегі билік толығымен өзбектің Маңғыт әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахымның (1747–1758) қолына өтті. Ол 1753 жылға дейін елді аталық лауазымымен, ал 1756 жылға дейін әмір лауазымымен басқарды. Ол Әбілпейіз ханның мұрагерлері — аштархандық Әбділмүмін ханды (1747–1751), III Ұбайдулла ханды (1751–1754) және Шерғазы ханды (1754–1756) номиналды хандар етіп тағайындады.
Маңғыттар Шыңғысхан әулетінен (төре) болмаса да, 1756 жылы Мұхаммед Рахым өзін хан деп жариялады.
Маңғыттардың өзбек әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахым хан 1758 жылы қайтыс болғаннан кейін, артында ұл бала қалмауына байланысты, бастапқыда оның қызынан туған жиені — Фазыл би (1758–1758), содан соң аштархандық Әбілғазы хан (1758–1785) хан болып сайланды. Бірақ мемлекеттегі іс жүзіндегі билік аталық лауазымын місе тұтқан Мұхаммед Рахым ханның ағасы — Даниял бидің қолында болды.
Даниял би мен Әбілғазы хан қайтыс болғаннан кейін, Даниял бидің ұлы Шахмұрат мемлекетті әмір лауазымымен басқара бастады және содан кейін Бұхара әмірлері таққа номиналды хандарды отырғызған жоқ.
Бұхара хандығы хандарының тізімі № Хан Өмір сүрген жылдары Билік құруы Ескертпе 1 Шайбани хан 1451–1510 1500–1510 Шайбани әулетінің негізін салушы. 2 Сүйінішқожа хан 1454–1525 1511–1512 3 Көшкінді хан 1452–1530 1512–1530 4 Әбу Саид хан 1472–1533 1530–1533 5 I Ұбайдулла хан 1487–1540 1533–1540 6 I Абдолла хан 1490–1540 1540–1540 7 Әбділазиз хан 1513–1550 1540–1550 Бұхарада билік етті. 7 Әбділәтіп хан 1495–1552 1540–1551 Самарқанда билік етті. 8 Бұрхан сұлтан ?–1557 1552–1557 Бұхарада билік етті. 8 Наурыз Ахмет хан 1510–1556 1551–1556 Самарқанда билік етті (Барақ хан). 9 Пірмұхаммед хан I 1511–1561 1556–1561 10 Ескендір хан 1512–1583 1561–1583 11 II Абдолла хан 1534–1598 1583–1598 12 I Абдалмүмін хан 1568–1598 1598–1599 13 II Пірмұхаммед хан 1570–1601 1598–1599 Шайбани әулетінен шыққан соңғы хан. 14 Бақи Мұхаммед 1579–1605 1603–1606 Аштархани әулетінен шыққан хан. 15 Уәли Мұхаммед ?–1611 1606–1611 16 Имамқұл хан 1583–1644 1611–1642 17 Нәдір Мұхаммед 1594–1651 1642–1645 18 II Әбділәзиз хан 1614–1683 1645–1681 19 Сұбханқұл хан 1625–1702 1681–1702 20 II Ұбайдулла хан 1675–1711 1702–1711 21 Әбілпейіз хан 1687–1747 1711–1747 Аштархани әулетінен шыққан соңғы билеуші. 22 Әбділмүмін хан 1738–1751 1747–1751 Аштархани әулетінен шыққан алғашқы атаулы (номиналды) хан. 23 III Ұбайдулла хан 1747–1754 1751–1754 24 Әбілғазы хан ?–1785 1754–1756 25 Мұхаммед Рахым хан 1713–1758 1756–1758 Маңғыт әулетінен шыққан алғашқы хан. 26 Фазыл би 1752–1758 1758–1758 Маңғыт әулетінен шыққан атаулы (номиналды) билеуші. 27 Әбілғазы хан ?–1785 1758–1785 Аштархан әулетінен шыққан соңғы атаулы (номиналды) хан.
Әдебиет История государства и права / Под ред. Н. П. Азизов, Ф. Мухитдинова, М. Хамидова и др.. — Ташкент: Издательство Академии МВД Республики Узбекистан, 2016. — С. 175. — 335 с. Тревер К. В., Якубовский А. Ю., Воронец М. Э.: История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. — 517 с.
Дереккөздер
Санат:Бұхара хандары