Ташкент шайқасы (сондай-ақ «Ташкент жорығы») — 1627 жылы Есім хан мен Тұрсын хан арасында болған өзара соғыстағы шешуші шайқас. Шайқас соңғысының қаза табуымен аяқталды.

Алғышарттар thumb|left|Ф.И. фон Страленбергтің картасы (1730), шамамен 1600–1620 жылдардағы қазақ тайпаларының қоныстануын көрсетедіСабитов Ж.М. Карты Казахского ханства XVI–XVII веков как источник по истории казахов и Казахского ханства // История государства. — Астана, 2016. — № 3. — С. 39–48. Есім ханның ойраттарға қарсы жорығы кезінде Тұрсын Мұхаммед хан оның ордасын талқандау үшін әскер жіберді. Әскери қолбасшылар орданы қиратып, Есім ханның әйелдері мен балаларын қолға түсіріп, Ташкентке жеткізді. Түпкілікті жеңіске жетуді көздеген Тұрсын Мұхаммед хан армияны жауға қарсы өзі бастап шықты. Сайрам түбіндегі шайқаста Есім хан жеңіске жетті. Тұрсын Мұхаммед хан Ташкентке қашты, бірақ қала мен оның маңайын Абылай сұлтанның қолдауымен Аштарханидтер иеленіп үлгерген еді. Қарсыласын қуған Есім хан да Сайрамнан Ташкентке қарай аттанды.

Барысы thumb|Тұрсын ханның теңгелері. Ташкент ақша сарайы. Тұрсын Сайрам шайқасынан кейін Есім ханға қарсы соғысу үшін тағы да далаға аттанды. Билеушілердің қайталанған шайқасы Ташкент түбінде өтті. Шайқастың қызған шағында Тұрсын ханның жақындары көтеріліс жасап, оны өлтірді. Ханның басын кесіп алып, Есім ханға жеткізді, ол кейіннен оны Имамқұл ханға жіберді. Осыдан кейін Аштархан билеушісі жарлықпен Есім ханның Ташкентке, Түркістанға, сондай-ақ аймақтың басқа да бекіністері мен елді мекендеріне құқығын растады. Сонымен бірге Тұрсынға бағынышты болған қатаған руының өкілдері қырғынға ұшырады.

Шежіре 1629 жылы Есім ханның Тұрсын ханға қарсы Ташкент жорығына Арғын руының өкілдері қатысты. Қарқаралы және Семей өңірлері арғындарының шежірелеріне сәйкес, қатағандармен қақтығыс кезінде батырлар 40 қызды олжалады. Соның бірі — Қоңырбикені тобықты руынан шыққан Сары — Абай Құнанбайұлы пен Шәкәрім Құдайбердіұлының арғы атасы әйелдікке алды. Шәкәрімнің деректері бойынша, Қоңырбике Тұрсын Мұхаммедтің қызы болған. Сарымен некесінен ол Көшекті дүниеге әкелді. Көшек — Әнет бабаның әкесі және Абайдың, Қалқаман батырдың, сондай-ақ Шәкәрімнің өзінің арғы атасы.​

Кейінгі оқиғалар ​Есім хан билігінің екінші кезеңі қысқа болғанымен, тарихи тұрғыдан аса маңызды болды. Өзара қырқыстың қаупін түсінген хан орталық билікті нығайтуға ұмтылды. Сұлтандардың сепаратизмін қолдауға қабілетті тайпалар әлсіретілді немесе жойылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Есім хан барлық қазақтарға ортақ бірыңғай заңдар жинағын жасауға бастамашы болды. Бұл кодекс тарихта «Есім ханның ескі жолы» деген атпен қалды.

Әдебиет ​ ​ ​ ​ ​

Дереккөздер

Санат:Аштархан әулеті Санат:Орталық Азиядағы шайқастар Санат:Қазақстанның әскери тарихы Санат:Қазақ хандығы шайқастары