Мұхаммед Уафа-и Карминаги () (1685–1769) — Бұхара хандығы дәуірінің тарихшысы.
Өмірбаяны Бұхаралық тарихшы Мұхаммед Уафа-и Карминаги 1685 жылы Бұхарада дүниеге келген.
Ол бастауыш білімін Бұхарада алған.
Мұхаммед Уафа-и Карминаги Бұхара билеушілері Мұхаммед Рахым би мен Даниял аталықтың тұсында хан кітапханасын басқарды.
Оның басты еңбегі — «Тухфа-и хани», ол 1750–1760 жылдары басқа бір тарихшы Әлімбек ибн Ниязкулибекпен бірлесіп жазылған. Шығармада өзбектің маңғыт тайпасынан шыққан Мұхаммед Рахым би аталықтың Мәуереннаһрдағы саяси оқиғаларға ықпалының артуы туралы мәліметтер келтірілген. «Тухфа-и хани» (Хан сыйы) немесе «Тарих-и Рахим-хани» (Рахым хан тарихы) деп аталатын бұл еңбекте 1747 жылдан 1780-жылдарға дейінгі аралықтағы Мәуереннаһрдағы, негізінен Бұхарадағы ішкі және сыртқы тарихи оқиғалар баяндалады.
Қайтыс болуы Мұхаммед Уафа-и Карминаги 1769 жылы қайтыс болған.
Әдебиет
Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:XVIII ғасыр тарихшылары Санат:Бұхара хандығы тарихшылары Санат:Бұхара хандығы ғалымдары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері