Барат сұлтан (Барат би, ) — билік еткен өзбек маңғыт әулетінің өкілі, Бұхара ханы Мұхаммед Рахымның (1756–1758) ағасы. 1756–1758 жылдары Бұхара хандығындағы Самарқан уәлаятының бегі болған.
Шығу тегі Барат сұлтан өзбек ақсүйектерінің өкілі, Құдаяр бидің ұлы — Маңғыт руынан шыққан Мұхаммед Хәкім бидің отбасында дүниеге келген.
Тарихы ӨзбектіңИстория Казахстана в персидских источниках. Т.2. Алматы: Дайк-пресс, 2005, с.282.Alexander Burnes, Travels into Bokhara being the account of a journey from India to Cabool, Tartary and Persia. Volume II. New Delhi, Madras, Asian educational services, 1992, p.358 Маңғыт әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахым Самарқанд пен Уратөбені жаулап алғаннан кейін, өзінің ағасы Барат сұлтанды Самарқандтың билеушісі (наменгері) етіп тағайындады.
1758 жылы Мұхаммед Рахым хан қайтыс болғаннан кейін, Бұхарадан бірқатар облыстар бөлініп кетті. Уратөбе мен Хожант билеушісі, өзбектің Жүз руынан шыққан Фазыл би Самарқанд, Каттақорған, Хатыршы және Жызақты басып алып, Бұхараны да иеленуді және бүкіл елдің билеушісі болуды көздеді.
Әдебиет Мирза 'Абдал’азим Сами. Та’рих-и Салатин-и Мангитийа. — М., 1962. Абдуллаев В.А., Аминов М.У., Аминова Р.Х. История Самарканда. — Т.1. — Ташкент: АН УзССР, 1969. — 485 с.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Самарқан бектері