Наима Махмудовна Махмудова (; 10 тамыз 1928, Ташкент — 7 маусым 2017, Ташкент) — кеңестік өзбек дәрігері, мемлекет және қоғам қайраткері. 1979–1989 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің 10 және 11 шақырылымдарының депутаты болған. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылымының депутаты.
Өмірбаяны Наима Махмудовна Махмудова 1928 жылғы 10 тамызда Ташкент қаласында өзбек ақыны Бату (Махмуд Ходиев) отбасында туған.
1951 жылы Ташкент медициналық институтын бітірген.
1958 жылға дейін Үргут аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді, 1958–1963 жылдары — Самарқанд облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болды. 1963 жылы отбасымен бірге Ташкент қаласына көшті.
1963–1971 жылдары Өзбек КСР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болды. 1971–1977 жылдары — Өзбек кәсіподақтар кеңесі төрағасының орынбасары, 1977–1986 жылдары — Өзбек кәсіподақтар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып екі рет, Қарақалпақ АССР-інен 1979–1989 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің 10–11 шақырылымдарының депутаты болып тағы екі рет сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының төрайымы қызметін атқарған. Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесінің мүшесі, Өзбекстанның шетелдермен достық және мәдени байланыстар қоғамының, Кеңес әйелдері комитетінің мүшесі болған.
1968 жылы «Өзбекстанда терапияның тарихи дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1975 жылы «Өзбекстанда балалардың церебралды сал ауруымен ауыратын науқастарды медициналық оңалту және әлеуметтік бейімдеу ұйымдастыру» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1986 жылы профессор атағын алды.
1986–2000 жылдары Ташкент педиатриялық медицина институтының әлеуметтік гигиена кафедрасын (1997 жылдан бастап — «Жалпы гигиена, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы) басқарды. Кейін осы кафедрада профессор-кеңесші болды.
Дереккөздер
Санат:Ташкентте туғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:Ташкент мемлекеттік медицина университеті түлектері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:КСРО эпидемиологтары Санат:Өзбекстан эпидемиологтары Санат:КОКП мүшелері Санат:Ұлттар Кеңесі 10-шақырылымының депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесі 11-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары