Майра Шəкібайқызы (Кенжеболатова) Бауэр — экономика ғылымының докторы (2008), профессор (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1967 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында туған.
Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) бітірген (1990). 1991 жылдан осы институтта стажер-оқытушы ретінде бастап, қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты: индустралды-инновациялық бағдарлама негізінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мəселелері. "Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірісін тұрақты дамыту мəселелері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 5 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Марапаттары "Қазақстан Республикасының ЖОО үздік оқытушысы" грантының иегері (2009); "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі; "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің құрметті қызметкері" төсбелгісі; Университеттің мерейтойлық медальдары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Астана қаласы әкімінің басқа да құрмет грамоталары; Астананың 20 жылдығына арналған мерейтойлық энциклопедияға стипендиат ретінде енді.Международная энциклопедия «Лучшие в образовании».
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар