Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (31 қаңтар 2002, Түркістан облысы, Үтіртөбе – 18 қараша 2025, Астана) — қазақстандық жас фельдшер, алғашқы көмек көрсету кезіндегі ерлігімен танылған маман.Ұлдана ерлігі туралы бір ұзақ сыр
Астана қаласы Байқоңыр ауданы жедел жәрдем станциясының аға фельдшері болған.
Өмірбаяны Ұлдана 2002 жылдың 31 қаңтар күні Түркістан облысының Үтіртөбе ауылында дүниеге келген.Ұлдана Мырзуанның туған ауылына оның мемориалдық тақташасы орнатылды
Білімі 2017–2021 жылдары Астанадағы «Даналық» колледжінін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Қызметі Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының Байқоңыр ауданы бойынша аға фельдшері болып жұмыс істеді. Әріптестері оны кәсіби, жауапкершілігі жоғары маман ретінде сипаттады.
Өлімі 2025 жылғы 8 қараша күні Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шақырту бойынша көмек көрсетіп жүргенде, жоғарыдан кондиционер мен кірпіш қоршауының құлауынан ауыр жарақат алды. Сол жылғы 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.
Марапаттары «Ерлігі үшін» медалі (қайтыс болғаннан кейін).Ұ.Қ. МЫРЗУАНДЫ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАУ ТУРАЛЫТоқаев марқұм Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Естелік Астана қаласының медициналық колледжде арнайы аудитория Ұлдана Мырзуан есіміне ие.ҰЛДАНА МЫРЗУАН АТЫНДАҒЫ №1 АУДИТОРИЯ. Тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.«Мәңгі жүрегімізде» – Ұ.Қ. Мырзуан
Дереккөздер
Санат:Астанада қайтыс болғандар Санат:Түркістан облысында туғандар