Казус белли (лат. casus belli — «соғысқа себеп болатын жағдай», «әскери оқиға») — рим құқығы дәуірінен шыққан заң ұғымы: соғыс жариялауға формалды себеп.Казус белли // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978. Алғашқы мағынасында casus belli ежелгі Римнің арнайы құқық жүйесіне жататын заң санаты болды. Оны сенат шешімдерін жүзеге асыру кезінде абыздар алқасының мүшелері қолданған, бұл шешімдер көршілес халықтарға қойылған талаптарды қамтыған. Сенаттың ультиматум түрінде қойылған талаптарына белгіленген мерзімде жауап берілмесе, немесе жауап теріс не қанағаттандырмайтын болса, бұл әскери әрекеттерді бастауға себеп ретінде қарастырылған.Макушев П. В. и Хридочкин А. В. Казус белли // Международное право. Словарь-справочник. — М.: Прометей, 2017. — ISBN 978-5-906879-40-0.
XX ғасырда соғысты ұлттық саясаттың құралы ретінде қолдану құқығы жойылғаннан кейін, casus belli ұғымы кейбір мемлекеттер үшін ескірген деп есептеледі.Борисов А. Б. Большой юридический словарь — М.: Книжный мир, 2010. — С. 269. — ISBN 978-5-8041-042-8. Сонымен бірге БҰҰ Жарғысы қарулы шабуыл жасалған жағдайда мемлекеттердің жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қорғау мақсатында әскери әрекеттер жүргізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікке төнген қатерді, бейбітшіліктің бұзылуын немесе агрессия актісін жою үшін халықаралық қарулы күштерді қолдану мүмкіндігі қарастырылған, егер бұл мәселелерді басқа құралдармен шешу мүмкін болмаса.
Терминология Casus belli термині Еуропада XVII–XVIII ғасырларда кең тарады. Бұл ең алдымен Гуго Гроций (1653), Корнелиус ван Бейнкерсхук (1707) және Жан-Жак Бурламаки (1732) сияқты ойшылдардың еңбектері арқылы, сондай-ақ jus ad bellum («әділетті соғыс теориясы») саяси доктринасының дамуына байланысты болды.Russell, Frederick H. (1997). The Just War in the Middle Ages. Cambridge University Press. ISBN 0-521-29276-X.Childress, James F. Just-War Theories: The Bases, Interrelations, Priorities, and Functions of Their Criteria Theological Studies. 39 (3): 427–45. Термин бейресми түрде де қолданылып, мемлекет қақтығысқа кіру үшін алға тартатын кез келген «әділетті себепті» білдіруі мүмкін. Ол сондай-ақ бұл ұғым кең таралғанға дейін соғысқа негіз болған жағдайларды сипаттау үшін,Zorich, Zach (June 2016). "The First Casus Belli". Archeology. "ең жақсы аң аулау алқаптарына қол жеткізу" әрі ресми соғыс жарияланбаған кезде де әскери әрекеттердің негіздемесін түсіндіру үшін қолданылады (мысалы, Тонкин шығанағы қарары қабылданар алдындағы жағдайды сипаттағанда).
Casus belli-ді ресми түрде жариялаған кезде үкімет әдетте соғысқа барудың себептерін, соғысты жүргізудің жоспарланған тәсілдерін және басқа тараптардың соғыстың алдын алу үшін қандай қадамдар жасай алатынын түсіндіреді. Осы арқылы мемлекет соғысқа тек ең соңғы шара ретінде (ultima ratio) жүгінетінін және оған «әділетті себеп» бар екенін көрсетуге тырысады. Қазіргі халықаралық құқық соғыс жүргізудің кемінде үш заңды негізін мойындайды: өзін-өзі қорғау, шарт талаптарына сәйкес одақтасты қорғау және Біріккен Ұлттар Ұйымының мақұлдауы.
Пайдалану себептері Мемлекеттер басқа бір елге шабуыл жасауды ақтау үшін қоғам алдында белгілі бір негіздеме қажет деп есептеуі мүмкін. Бұл соғысқа ішкі қолдауды күшейту үшін де, сондай-ақ ықтимал одақтастардың қолдауын алу үшін де маңызды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған БҰҰ Жарғысы қол қойған мемлекеттерге соғыс жүргізуге тыйым салады, тек мына жағдайлардан басқа:
Агрессияға қарсы өзін қорғау немесе шарттық міндеттемелерге сәйкес одақтасты қорғау мақсатында. БҰҰ ұйымы операцияға алдын ала рұқсат берген жағдайда.
Сонымен қатар БҰҰ агрессиялық соғыс бастаған, бірақ ұйымға мүше емес мемлекеттерге қарсы әрекет ету үшін мүше елдерден араласуды талап ету құқығын да өзінде қалдырады.United Nations Charter, Chapter VII www.un.org
Тарихи мысалдар Бұл бөлімде қазіргі заманда болған casus belli-дің ең белгілі және/немесе даулы бірнеше жағдайлары сипатталады.
Екінші апиын соғысы
Еуропалықтар Бірінші апиын соғысынан кейін жасалған Нанкин келісімшартына сәйкес Қытай порттарына қол жеткізе алды. Франция Екінші апиын соғысына себеп ретінде Огюст Шапделеннің өлімін (casus belli) пайдаланды. 1856 жылғы 29 ақпанда француз миссионері Шапделен шетелдіктерге кіруге рұсат етілмеген Гуанси провинциясында өлтірілді. Бұған жауап ретінде британдық және француз әскерлері тез арада Гуанчжоу (Кантон) қаласын бақылауға алды.The Franco-British expedition to China, 1860 napoleon.orgThe Invasion of China by the Anglo-French Alliance chiculture.org.hk
Америкадағы азамат соғысы
Солтүстік және Оңтүстік штаттар арасындағы ұзаққа созылған қайшылықтар (негізінен құлдық мәселесіне байланысты моральдық даулар мен әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар) Америкадағы азамат соғысының негізгі себептері болды. Алайда Конфедерация әскерінің Форт Самтерге шабуылы (1861 ж. 12–14 сәуір) Одақ үшін соғыстың casus belli-і, яғни ресми басталуына себеп болған оқиғаға айналды.Watson, William (1887). Life in the Confederate Army: Being the Observations and Experiences of an Alien in the South During the American Civil War United States: Chapman & Hall. p. 113. ISBN 9780722282977.
Тарихшы Дэвид Герберт Дональд (1996) президент Авраам Линкольннің «инаугурациядан Форт Самтерге оқ атылғанға дейінгі айларда қақтығысты болдырмауға қайта-қайта тырысқанын» атап көрсетеді. Бұл оның «бауырластық қанын бірінші болып төкпеу» туралы уәдесін ұстанғанын білдіреді. Сонымен қатар ол бекіністерді беріп жібермеуге де ант берген еді. Осы қарама-қайшы ұстанымдардың жалғыз шешімі Конфедерацияның бірінші болып оқ атуы болатын — және дәл солай болды.Donald, David Herbert. Lincoln p. 293. Simon & Schuster. ISBN 978-0-684-82535-9.
Конфедерация ардагері Уильям Уотсон 1887 жылы сол уақытқа дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Уильям Г. Сьюард «бөлініп шыққан штаттарға қарсы соғыс жариялау үшін әділ себеп таба алмағанын», ал Самтер оқиғасы оған «іздеген casus belli-ін бергенін» жазған. Уотсон Джефферсон Дэвис пен басқа Конфедерация жетекшілерінің Самтердегі жеңісті мақтан тұтып тойлағанын сынға алады. Оның пікірінше, олар бірінші болып шабуыл жасау Конфедерацияға халықаралық деңгейде агрессор ретінде жағымсыз бедел әкелгенін және Сьюардқа «Солтүстіктің толық қолдауына» ие болуға мүмкіндік бергенін ұмытып кетті.
Испан-Америка соғысы
«Мэн» — 1898 жылғы 15 ақпанда Испаниялық Кубадағы Гавана айлағында батып кеткен АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемесі. «Мэн» кемесінің жойылуы Испанияға қарсы соғыстың бірден жариялануына әкелмегенімен, бейбіт шешім мүмкіндігін іс жүзінде жоққа шығарған саяси ахуал қалыптастырды.Musicant, Ivan. Empire by Default: The Spanish–American War and the Dawn of the American Century. New York: Henry Holt and Company. pp. 151–152. ISBN 978-0-8050-3500-1.
Испандық тергеу жарылыс көмір қоймаларындағы өздігінен тұтанудан болды деген қорытындыға келді, ал АҚШ-тың Сэмпсон комиссиясының тергеу соты жарылыс сырттан жасалған, яғни торпедадан болған деп шешті. Мак-Кинли әкімшілігі бұл жарылысты ресми түрде casus belli ретінде көрсетпегенімен, кейбіреулер Кубадағы қатыгездік әрекеттер мен Испанияның бақылауды жоғалтуы туралы пікірлерге байланысты Испаниямен соғысуды бұрыннан жақтаған еді.Reilly, John C.; Scheina, Robert L. (1980). American Battleships 1886–1923: Predreadnought Design and Construction. Annapolis, Maryland: Naval Institute Press. p. 30. ISBN 978-0-87021-524-7.
Соғыс жақтастары «Мэнді еске алыңдар! Испанияға қарғыс болсын!» деген ұранды кеңінен қолданды.Frankie Witzenburg. 'Remember the Maine, to Hell With Spain!' U.S. Naval Institute. www.usni.orgO. P. Jons. Remember the “MAINE” Computer Sciences Corporation (CSC), Advanced Marine Center (AMC), Washington, D.C., USA. Maritime Heritage and Modern Ports. Second International Conference on Maritime Heritage and the Fourth International Conference on Maritime Engineering, Ports and Waterways. WIT Press. pp. 133–142.
Бірінші дүниежүзілік соғыс
1914 жылдың шілдесінде Аустрия-Мажарстанның Сербияға қарсы casus belli-і Сараевода Австрия эрцгерцогі Франц Фердинандты өлтірген қастандықшыларды қаруландыруға, дайындауға және қаржыландыруға сербиялық мемлекеттік қызметкерлердің қатысы бар-жоғын тергеуден Сербияның бас тартуына негізделді. Соғыс Франц Фердинандтың өлімінен бір ай өткен соң Сербия үкіметі Аустрияның ресми талап-нотасынан бас тартқаннан кейін, Аустрия-Мажарстан соғыс жариялауымен басталды.Mutschlechner, Martin. The last steps into the war Der Erste WeltkriegJohnson, Lonnie (1989). Introducing Austria: A Short History. Studies in Austrian Literature, Culture, and Thought. Ariadne Press. pp. 52–54. ISBN 0-929497-03-1. Франц Фердинандтың қастандықпен өлтірілуі Бірінші дүниежүзілік соғыстың ең тікелей себебі ретінде қарастырылады.John McCannon. AP World History. Copyright 2010, 2008, Barron's Educational Series, Inc. page 9.
1917 жылы Германия империясы Мексикаға Циммерман жеделхатын жіберді. Онда Мексиканы соғысқа қосылып, АҚШ-қа қарсы соғысуға көндіруге тырысты; оның орнына Мексикаға бұрын өзіне тиесілі болған Техас, Нью-Мексико және Аризона аумақтарын қайтару уәде етілді. Бұл жеделхатты британ барлау қызметі тарапынан ұсталып, Әскери-теңіз басқармасының криптографиялық қызметі («40-бөлме») арқылы дешифрланды.Historical Notes: 184 King's Road, Tighnabruaich The Independent, 8 September 1999 Жеделхат белгілі бір дипломатиялық сақтық шаралары қабылданғаннан кейін жеделхат АҚШ-қа беріліп, 1 наурыз күні баспасөзде жарияланды.Why was the Zimmermann Telegram so important? BBC News, 17.01.2017 Нәтижесінде президент Вудро Вильсон осы жеделхатты Конгресті АҚШ-ты Бірінші дүниежүзілік соғысқа Антанта жағында қатысуға көндіру үшін пайдаланды. Циммерман жеделхатының мазмұны Америкада антигермандық көңіл-күйдің күрт өсуіне әкелді. 1917 жылғы 6 сәуірде АҚШ Конгресі Германияға ресми түрде соғыс жариялады.Link, Arthur S. (1972). Woodrow Wilson and the Progressive Era, 1910–1917. New York: Harper & Row. pp. 252–282.
Сол кездегі Мексика президенті Венустиано Карранса бұл ұсыныстың жүзеге асу мүмкіндігін әскери комиссияға тексертіп, комиссия бірқатар себептерге байланысты мұның мүмкін еместігі туралы қорытындыға келді."The Zimmermann Telegram" The U.S. National Archives and Records Administration
Екінші дүниежүзілік соғыс
Маньчжоу-го аумағында Жапония империясы 1937 жылы Марко Поло көпірі оқиғасын ұйымдастырып, оны Екінші қытай-жапон соғысын бастау үшін casus belli ретінде пайдаланды. Бұл соғыс көбіне Екінші дүниежүзілік соғыстың Тынық мұхиты майданының басталуы ретінде қарастырылады.Battle of Lugou Bridge world-war-2.info
Адольф Гитлер өзінің «Mein Kampf» атты өмірбаяндық еңбегінде 1920-жылдары неміс халқы үшін Lebensraum («тіршілік кеңістігі») саясатын жақтаған, бұл іс жүзінде Германияның Шығыс Еуропаға қарай аумақтық кеңеюін білдіретін.Lebensraum Holocaust Encyclopedia. encyclopedia.ushmm.org
1939 жылдың тамызында осы саясаттың алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін Гитлер басқаратын нацистік Германия үкіметі Глайвиц оқиғасын ұйымдастырды. 31 тамызда нацистік күштер концлагерь тұтқындарын поляктардың кейпіне енгізіп, Германияның Жоғарғы Силезия аймағындағы Глайвиц қаласында (қазіргі Польшадағы Гливице) орналасқан Sender Gleiwitz радиостанциясына шабуыл жасады. Бұл оқиға Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында орын алды. Осы оқиға келесі айда Польшаға басып кіру үшін casus belli ретінде пайдаланылды.James J. Wirtz, Roy Godson. Strategic Denial and Deception: The Twenty-First Century Challenge Transaction Publishers, 2002, ISBN 0-7658-0898-6