Жаннат Төлеуқызы Балмағамбетова — филология ғылымының докторы (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 6 шілдеде Қарағанды облысы, Богучар (қазіргі Шұңқыркөл) ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1987, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Қарағанды қаласындағы орта мектепте мұғалім (1987-1992), Қарағанды политехникалық институтында оқытушы (1993-94) болды. 1998 жылдан – Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – салыстырмалы жəне типологиялық тіл білімі, аударма жүргізу, когнитивтік лингвистика, конитивтік транслятология, лингвоконцептология, мектептердегі жəне жоғары оқу орындарындағы орыс тілі, басқа тілді аудиториядағы орыс тілі. "Көркем аударманың интегративтік-концептологиялық аспектісі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам жарияланымның ғылыми авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары