Салтанат Нұрәділқызы Әмірғалиева – физика-математика ғылымының докторы (2006), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1959 жылы 22 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында туған. 1981 жылы Қазақ ұлттық университетін, 1987 жылы Киев қаласындағы Кибернетика институтының аспирантурасын бітірген. 2012 жылдан Сүлейман Демирел атындағы университеттің 1-проректоры болып еңбек етеді.
Ғылыми еңбектері "Обобщенная выпуклость в дифференциальных играх и их приложения" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: дифференциялық ойындар, басқару теориясы жəне оның қолданылуы. 60-тан астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар