Рымкүл Аманжолқызы Исмаилова (27 желтоқсан 1960, Қарағанды қаласы) — экономика ғылымының докторы (2009).
Еңбек жолдары 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (қазіргі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті), 1992 жылы аспирантурасын бітірген. 1985-2000 жылдары Қазақстан қаржы-экономика университетінде инженер, ассистент, кафедра меңгерушісі, 2000-2003 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында курс жетекшісі, доцент, "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ департаментінде бас маман, Индустрия жəне сауда министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, 2003 жылдан Қазақ агротехникалық университетінде кафедра меңгерушісі, декан, доцент қызметтерін атқарады.
Еңбектері "Инновационная модель развития промышленности Казахстана: институты, механизмы и перспективы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы.
Марапаты 2011 жылы "Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары