— жапон мифологиясындағы күн құдайы, синто пантеонының жоғарғы құдайы.
Синтоизм бойынша, Аматэрасу — жапон императорлық әулетінің арғы тегі. Алғашқы император Дзимму оның ұрпағы деп есептеледі. Ол (Аспан әлемі) билеушісі.
Аматэрасу күріш өсіруді, жібек өндіруді және тоқу өнерін адамдарға үйреткен деп саналады.
Туылуы
Жапон аңыздары бойынша, Аматэрасу құдай Идзанаги тазалану рәсімін жасаған кезде оның сол көзінен пайда болған.
Бауырымен қақтығысы
Идзанаги Аматэрасуға аспанды, ал оның інісі Сусанооға теңізді басқаруды тапсырды. Бірақ Сусаноо тәртіпсіздік жасап, әпкесін ренжітті.
Сусанооның әрекеттерінен қорыққан Аматэрасу Ама-но Ивато үңгіріне тығылып, әлем қараңғылыққа батты.
Құдайлар айламен оны сыртқа шығарып, жарықты қайта әкелді.
Жапон синкретизміндегі бейнесі
Аматэрасу буддизмде Вайрочана Буддасымен теңестірілген.
Император әулетімен байланысы
1946 жылы Император Сёва «Адам табиғаты туралы декларация» қабылдап, императордың құдайлық мәртебесін ресми түрде жоққа шығарды.
Дегенмен, көптеген ғалымдар оның Аматэрасудан шыққан тегін толық жоққа шығармағанын айтады.
Ғибадатханалар
Аматэрасуға арналған ғибадатханалар Жапонияның барлық жерінде бар. Ең әйгілісі — Исэ ғибадатханасы (Миэ префектурасы).
Әдебиеттер Жапония діні туралы еңбектер