Ежелгі Грекияда автохтондар ұғымы (көне грекше αὐτός autos — «өзі», және χθών chthon — «жер», яғни «жердің өзінен пайда болған адамдар») — қоныстанушыларға қарсы қойылатын, елдің байырғы тұрғындарын, соның ішінде мифологиялық тұлғаларды, сондай-ақ отарлаушы элементтермен араласпай, тазалығын сақтаған олардың ұрпақтарын білдіреді.

Мифология

Мифологияда автохтондар — топырақтан, тастан немесе ағаштан пайда болған пенделер. Олар тамырын жерге жайған, сол жерге мәңгілікке тиесілі жандар болып саналады. Осындай дәстүр болған әрбір грек қала-мемлекетінде автохтон қаһармандар өз қаласының топырағынан тікелей туған деп есептелген. Демек, олардың ұрпақтары да сол жердің тумалары саналып, бұл жерге деген құқықтары даусыз болған. Осы қаһармандар арқылы қала-мемлекеттердің дәстүрлері алғашқы жабайы дүниеден өркениетті әлемге өтуді бейнеледі. Олардың кейбірі, мысалы Афинадағы Кекропс, автохтон және өркениетті таптың негізін қалады деп есептелген,Pseudo-Apollodoro, Biblioteca, libro III, 14, 1 және денесінің төменгі бөлігі жылан пішінінде туған, бұл жердің өз символы саналған. Афинаның басқа да патшаларының кейбірі, соның ішінде КранайAPOLLODORUS, THE LIBRARY 3 - 14.5 TRANSLATED BY J. G. FRAZER. Theoi Project пен АмфиктионAPOLLODORUS, THE LIBRARY 3 - 14.6TRANSLATED BY J. G. FRAZER. Theoi Project, кейбір дәстүрлерде автохтондар деп қарастырылған. Лаконияның алғашқы патшасы Лелег,APOLLODORUS, THE LIBRARY 3 - 10.3 TRANSLATED BY J. G. FRAZER. Theoi Project Беотияның — Огиг,Pausania, Periegesi della Grecia, libro IX, 5, 1. ал Аркадияның — ПеласгAPOLLODORUS, THE LIBRARY 2 - 1.1TRANSLATED BY J. G. FRAZER. Theoi Project те дәл солай автохтондар деп саналған. Ал басқалары саяси тапты қалыптастырды. Соңғыларының қатарына Эрихтоний/Эрехтей жатады және Эрихтоний шын мәнінде Гефесттің жерге шашылған ұрығынан туған; оның аты «Илиадада» Аттика тұрғындарының барлығын білдіру үшін қолданылады.Pausania, Periegesi della Grecia I 2, 6.

Ежелгі Грекияда аңызға айналған қаһармандар мен көне текті адамдарды «жерден туған», жерден адамдық немесе құдайлық араласу арқылы дүниеге келеді деп сипаттау дәстүрі автохтондық ілімді едәуір нығайтты. Фивыда Спартойлар әулеті айдаһардың тістерін еккен егістіктен пайда болды және алғашқы патшасы Кадмға қаланы негіздеуде Спартойлар көмектескен деп есептелген. Фригиялық корибанттар ұлы ана Реяның күшімен тау бөктерінен ағаштай жұлынып шыққандықтан, олар δενδροφυεῖς («ағаштан өсіп шыққандар») деп аталған. Көне грек трагедиясы «Бұғауланған Прометейден» (әдетте Эсхилге телінетін) байқайтынымыздай, алғашқы адамдар әуелде үңгірлер мен ормандарда жануарларша өмір сүрген, ал құдайлар мен қаһармандардың көмегімен ғана өркениет сатысына көтерілген деп саналған.Aeschylus (1961). Philip Vellacott, trans. and (ed.). Prometheus Bound and Other Plays Harmondsworth: Penguin. ISBN 0140441123. Деукалион мен Пирра туралы мифте бұл жұп жерге тастарды лақтырады, Деукалион лақтырған тастардан ер адамдар, ал Пирра лақтырған тастардан әйелдер пайда болады.Igino, Fabulae, 153

Дереккөздер

Санат:Ежелгі Грекия