Алан — ру атынан қойылған этногидроним, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Орталық Үстіртте орналасқан құдық.

Атаудың сөзжасамдық сипаты «Аландар – біздің заманымыздың I ғасырлардан бастап біздің заманымыздың IV ғасырына дейінгі аралықта географиялық жағынан бүгінгі Қазақстанның батыс аймағын қамти батысқа қарай Днепр, Дон, Днестр, Дунай аймақтарына дейін (уақытына қарай) мекендеген – сармат – савроматтар делінетін тайпалық бірлестіктің құрамында болған тайпа. С.И.Аджигалиев: «Деректер Аландардың Арал-Каспий аймағында біразға дейін өмір сүргендігін көрсетеді. Оның іздері Үстірттегі Аланқала атауы мен түрікмендердің алан (олам) тайпасының атауында да жатыр», – дейді. Алан этнонимін С.Атаниязов «Словарь туркменских этнонимов» атты монографиясында алан этнонимін көнеирандық арияна сөзінен шығарады. Алан – «арийлер елі».

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құдықтары