ARA studios (ARA Animation Studios) — Қазақстандық қысқаметражды фильмдер, сериалдар және гейм арт шығаратын тәуелсіз анимациялық студия.

Фильмдері Shyraq (Шырақ) ARA Studios-тың 2023 жылғы 2D және заманауи 3D графика қолданып жасалған қысқаметражды анимациялық фильм.

Фильмнің басты кейіпкері — адамдардан жасырын өмір сүретін кішкентай шам. Ол үйдің шатырында тұрады және адамдар әлеміне шығудан қорқады. Шамның жалғыз серігі — кішкентай ойыншық. Оқиға барысында бұл ойыншықты мысық алып кетеді. Осыдан кейін басты кейіпкер қорқынышын жеңіп, адамдар тұратын кеңістікке шығады.

Фильмде қазіргі отбасылардың күнделікті өмірі, тұрмыста технологиялардың көп қолданылуы және адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі бейнеленеді. Оқиғалар шамның адамдар әлеміндегі қозғалысы арқылы көрсетіледі.

Фильм халықаралық деңгейде көрсетіліп, 80-нен астам халықаралық кинофестивальдердің шорт-листіне енген.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресми вебсайт

Санат:Анимациялық студия