Бақыт Исайынқызы Садықова (19 желтоқсан 1945, Май ауылы, Май ауданы, Павлодар облысы) — көрнекті шоқайтанушы ғалым, тарихшы, дипломат, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторыhttps://abai.kz/post/11461. Мұстафа Шоқайдың жеке бұйымдары мен фотосуреттерін сақтап келген зерттеуші.https://kazpravda.kz/n/politik-mirovogo-masshtaba/https://egemen.kz/article/403519-mustafa-shoqaydynh-buryn-dgariyalanbaghan-fotosuretteri-tabyldyhttps://e-history.kz/kz/news/show/50001079

1921-1941 жылдары Шоқай қолданған мөрді зайыбы Мария Әлім Алматқа аманаттаған. Ол Түркияда 40 жыл сақтап, 1997 жылы Бақыт Садықоваға табыстаған. 2023 жылы бұл мөр Астана қаласындағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназияның мұражайына табысталып, сол жерде сақталған.https://sn.kz/sn-gylym-bilim/102174-astanadagy-mekteptin-murazhaiyna-mustafa-shokaidyn-ush-mori-tabys-etildi

Еңбектері Түркістан ұлттық бірлігі (TÜRKİSTAN MİLLİ BİRLİĞİ, 2016)https://qazaqtimes.com/article/7706; Мұстафа Шоқай эмиграцияда (Мустафа Чокай в эмиграции, 2011)https://mylibrary.kz/istorija/mustafa-chokaj-v-jemigracii-bahyt-sadykova/; История Туркестанского легиона в документах и фактах (2002)https://kazneb.kz/ru/catalogue/view/128852 Мұстафа Шоқай (Мустафа Чокай, 2004); Mustafa Tchokay dans le mouvement prométhéen (француз тіліндегі кітабы, 2007); Мария Шоқай естеліктері. Я пишу вам из Ножана (аударма, 2001).

Дереккөздер

Санат:Тарихшылар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Саяси ғылымдарының докторлары Санат:Филологтар Санат:Алаштанушылар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:Май ауданында туғандар Санат:1945 жылы туғандар