Көбіне Аустрия канцлері делінетін Аустрия Республикасының федералдық канцлері () — Аустриядағы үкімет басшысы.
Лауазымға 29 адам ие болып көрген. 2025 жылғы 3 наурыздан бергі қазіргі канцлер — Кристиан Штокер.
Саяси жүйедегі рөлі Канцлер Аустрия кабинетіне төрағалық пен басшылық етеді. Кабинетке канцлердің өзі, вице-канцлері мен министрлері мүше. Мемлекет басшысы болып келген Аустрия президентімен қатар кабинет елдің атқарушы билігіне жауапты.
Аустрия — парламенттік республика, яғни саяси жүйедегі нағыз билік үкімет басшысына жүктелген. Алайда Аустрия жағдайы өзгеше; атқарушы билік әрекеттерінің біразына президент жауапты. Ірірек шешім жасау керек болса, канцлер көбіне президентке жүгініп ғана оған қол жеткізе алады. Министрлер де, вице-канцлер де канцлерге есеп бермейді.
Легислатурадағы канцлердің рөлі мен ықпалы саяси тобына тәуелді. Коалициялы үкімет жағдайында канцлер, көбіне, — Ұлттық кеңестегі өкілдігі ең үлкен партияның, не фракцияның басшысы.
Аустрияның тұңғыш егемен үкімет басшысы Аустрия империясының Мемлекеттік канцлері еді. Лауазымға тек Клеменс фон Меттерних ие болып көрген. Лауазым атауы кейін Аустрия империясының министр-президенті болып ауысты да, Аустрия-Мажарстанның ыдырауына дейін сақталды. Монархиядан кейінгі үкіметке Герман Аустриясы Мемлекеттік канцлері басшылық ететін. Лауазымға тек бір адам, Карл Реннер ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың одақтастары Аустрия мен Германия арасындағы одақтан бас тартты да, Аустрия мемлекеттік канцлері лауазымы Аустрия федералдық канцлері деп аталды.
Канцлердің ресми резиденциясы мен жұмыс орны — Вена орталығындағы Ballhausplatz көшесінде орналасқан канцелярия. Аустрия президенті канцлерді де, кабинетті де тағайындап та, жұмыс орнынан шығара да алады.
Қазіргі канцлер — 2025 жылғы 3 наурызда президент Александр Ван дер Беллен көмегімен ант берген Кристиан Штокер.
Тағайындалуы Аустрия президенті канцлерді тағайындайды да, антын да бергізеді.Bundes-Verfassungsgesetz 70-бап Қағаз бойынша президент канцлер қылып Аустрия Ұлттық кеңесіне сайлана алатын, былайша айтқанда 18 жастан үлкен кез келген азаматты тағайындай алады.B-VG art. 26 Алайда практикада канцлер Ұлттық кеңес сенімінсіз толыққанды жұмыс атқара алмайды. Сол себептен канцлер, көбіне, — ең ірі фракцияның төрағасы, не төрайымы. Бұл феномен 1999 жылғы сайлау нәтижесінде бір кезде болмай қалған.
Канцлердің қызметі мерзіммен шектелмеген. Конституциялық тәртіп болсын деп, канцлер Ұлттық кеңес таратылып жатса Президентке отставкасын ұсынады. Президент бұл ұсыныстан көбіне бас тартады; жаңа басшының сайланбайынша канцлердің уақытша басшы бола тұрғанын қалайды.B-VG art. 71
Канцлер әдетте бүкіл министрлермен, яғни бүкіл үкіметпен қатар тағайындалып, қызметтен қуылады. Техникалық тұрғыдан алғанда, Президент министрлерді тек Канцлердің кеңесінше ғана тағайындай алады, сондықтан алдымен Канцлер тағайындалады. Ант қабылдағаннан кейін Канцлер Президентке министрлердің тізімін ұсынады; әдетте олар бірнеше минуттан кейін-ақ қызметке кіріседі. Канцлердің де, министрлердің де тағайындалуы екі палатаның қолдауын қажет етпейді; тағайындалған тұлғалар ант берген сәттен бастап өз лауазымдарының міндеттерін толық көлемде атқаруға құқылы.B-VG art. 70
Ұлттық кеңес вотум қабылдау арқылы Президентті Канцлерді немесе министрді қызметінен босатуға мәжбүрлей алады. Конституцияға сәйкес, Президент Ұлттық кеңес қызметінен кетіруді талап еткен кез келген министрді міндетті түрде қызметтен босатуы тиіс.B-VG art. 74
Міндеттері мен өкілеттіктері Канцлер кабинеттің отырыстарына төрағалық етеді. Конституция бойынша Канцлер министрлерге бұйрық беруге құқылы емес; онда оның үкіметтегі рөлі primus inter pares — яғни «теңдердің ішіндегі бірінші» ретінде сипатталады.B-VG art. 69
Канцлер: Ұлттық кеңес қабылдаған заң жобаларын куәландыру үшін Президентке ұсынады, заң жобаларын куәландырған кезде президент қойған қолды (контрассигнацияны) растайды, осылайша заң күшіне енген заңдарды жариялайды, Аустрия Республикасы қатысатын шарттарды ратификацияланғаннан кейін жариялайды, заң шығарушы немесе атқарушы биліктің актілері күшін жойған Конституциялық соттың шешімдерін жариялайды, Президент сайлауының нәтижелерін жариялайды, Федералдық кеңес қабылдаған Регламентке енгізілген өзгерістерді жариялайды, Федералдық жиналыс қабылдаған шешімдерді контрассигнациялайды, соғыс жариялау туралы мәлімдемелерді жариялайды, және заң күшіне енсін десе, келісімнің талап болғанын, Ұлттық кеңес қабылдаған заң жобалары туралы жергілікті (провинциялық) үкіметтерге хабарлайды.
Дереккөздер
Санат:Аустрия федералдық канцлерлері Санат:Премьер-министрлер тізімдері Санат:Канцлерлер