Сайлаукүл Жаппарқызы Барақова (16.2.1947 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – ұстаз, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (1997 – 2002).
Түркістан педагогикалық училищесін (1964) бітірген. Шымкент педагогика институтын (1972) бітірген. Алматы партия мектебін (1987) бітірген. 1964 – 2004 жылдары Сарыағаш ауданы «Сырдария» орта мектебінде мұғалім, аудандық мектеп бөлімінің меңгерушісі, аудандық, облыстық Жастар одағы комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Келес ауданы комитетінің, Шымкент қалалық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілігінде халыққа білім беру басқармасының бастығы (1992 – 97) әкімнің орынбасары – білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 2001 жылдан облыс білім беру департаментінің бастығы.
«Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:16 ақпанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Сарыағаш ауданында туғандар Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Түркістан облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері