Спутник-3 — Кеңес Одағы ұшырған Жердің үшінші жасанды серігі.
Бұл ғарыштық ғылыми лаборатория бастапқыда тұңғыш жасанды серік болады деп қарастырылған, бірақ күрделілігіне орай және АҚШ-тан озу үшін оның орнына 1957 жылы қарапайым Спутник-1 ұшырылды. Ал Спутник-3 аппаратының старты 1958 жылдың 15 мамырына қарай шегерілді.
Құрылғылары Аппараттың бортында 200 не 300 килограммдай ғылыми құралдар болған. Масс-Спектрометр — атмосфераның жоғарғы қабаттарының құрамын зерттеу, Ионизациялық және магниттік манометр — сол қабаттардағы қысымды өлшеу, Гейгер санауышы — зарядталған бөлшектердің барын анықтау, Пьезоэлектрлік құрал — микрометеориттердің барын анықтау, Феррозондтық магнитометр — магнит өрісіндегі өзгерістерді тіркеу, Электрометр — электр өрісіндегі өзгерістерді тіркеу.
нобай|солға|ХШЖК көрмесіндегі Спутник-3 репликасы туралы Дереккөздер
Тағы қараңыз Спутник-4 — тура екі жылдан кейін ғарышқа ұшырылған аппарат, бортында күрделі манекен болған
Санат:Жер серіктері Санат:КСРО өнертабыстары Санат:15 мамыр